Шардара ауданы: Дін ынтымаққа шақырады

Діни ағымдарға қарсы тұру мақсатында жастарды, мектеп оқушыларын спорттық — мәдени секцияларына тарту, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында таяуда  мәдени іс — шара өтті.  Іс — шараға қатысқан Достық ауыл округі «Достық» мешітінің бас имамы Кулет Егемқұл береке бірлікке, ынтымаққа, жақсылыққа ұйытатын қасиетті дініміз адамзат баласын парасаттылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа, төзімділікке, ұстамдылыққа қоршаған  ортамен жақсы қарым — қатынаста болуға шақыратын, жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаратын Алла тағала алдындағы шынайы дін ислам екендігінің  мән — мағынасын түсіндірді. Қазіргі таңда  теріс әрекетімен ата – бабаларымыздың 14 ғасырдан бері  ұстанып келе жатқан дініміз бен қатар әдеп — ғұрып, салт — дәстүлерімізді жоққа шығарып жүрген  кері тартпа діни ағымдардың шығу тарихтарымен таныстырып өтті. Кездесу барысында ұстаздар, оқушылар арасынан қойылған көкейде жүрген сұрақтарына  жауап берілді.

 

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу