Бас мүфти: «Әлемді тек Ислам құтқарады»

Бас мүфти АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Макл Сноуденді қабылдады.

Ержан қажы Малғажыұлы Ислам дінінің баға жетпес асыл құндылықтары жайлы сөз қозғады. «Ислам – бейбітшілік діні. Адамның ала жібін аттамауға тәрбиелейтін кемел дін. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Дүниені Ислам діні түзейді» деген хадисі бар. Өзіңізге белгілі, өмірінің соңында Исламды қабылдап, адамдарды ізгілікке шақырған Еуропаның әйгілі драматургы Бернард Шоу: «Әлемді тек Ислам құтқарады», – деген. Ислам – жамандықтан тыйылып, жақсылыққа шақыратын адамгершілік діні. Алайда кейбіреулер ол туралы теріс пікір таратып, жағымсыз көзқарас қалыптастыруға тырысуда. Дегенмен, дінімізді қаралау белең алғанымен, Исламды қабылдаушылар қатары көбюде», – деді Бас мүфти.

Ержан қажы Малғажыұлы Майкл Сноуденге: «Бүгінде Америкадағы мұсылмандардың ахуалы қалай? Құқықтары қорғалып, ар-намыстары сақталып жатыр ма?» – деген сауал тастады. Бас консул эммигранттар елінде өмір сүріп жатқан мұсылман қауымының жай-күйін, тыныс-тіршілігін баяндап берді. Олардың құқықтары заң аясында қорғалып жетқанын жеткізді.

Кездесу барысында Бас консул Бас мүфтиді АҚШ-қа ресми сапармен келуді ұсынды.

www.muftyat.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу