Бейбіт Мырзагелдиев: Ораза ұстау – әрбір мұсылманның парызы

– Алла Тағала нәсіп еткен жанға биылғы ораза да келіп жетті. Күллі мұсылман қауымды жамандық атаулыдан тыятын қасиетті Рамазан айы бұл жолы қанша күнді қамтиды?
– Тамыздың 20-сы күні (Ескерту: бұл 2009 жылғы мақала) кешкі құтпан намазынан кейін тарауих намазы оқылады. Яғни, осы түнде аузын бекіткен жандар ниет етіп шығады. Келесі күн – оразаның алғашқы күні болып есептеледі. Демек, бұл күні ниет еткен жандардың аузы берік болуы тиіс.
Жалпы, ораза ұстау күллі мұсылман баласына Меккеден Мединеге көшкеннен кейін бір жылдан кейін парыз етілген. Ораза тұту парыз болғандықтан Мұхаммед пайғамбарымыздың (ғ.с.ғ.) өмірі 9 жылға ұзарды. Яғни пайғамбарымыз (ғ.с.ғ.) 63 жасында дүниеден өтсе, ораза ұстау парызы бізге содан 9 жыл бұрын берілген. Сол 9 жылдың 5 жылы 30 күннен, қалған 4 жылында 29 күннен ораза тұтылған. Құранда айтылған: «Ай көрсең де ауыздарыңды бекітіңдер, ораза тұтыңдар» деген аятқа арқау болып, кей кезде қасиетті Рамазан айы 29 күнді қамтыса, кейде 30 күнге созылған. Осыған дейін біз оразаны бірнеше жыл қатарынан 29 күннен тұтсақ, бұл жолы, Алла қаласа, 30 күнге созылмақшы.

Дегенмен қазіргі белгіленген күннің жүз пайызға анық екеніне кепілдік бере алмаймыз. Өйткені, оның нақты датасы тамыздың 21-і күні айдың көрінуімен анықталады. Яғни ай қалай туады, ораза да солай басталады. Біздікі тек сол күнге сәйкес келеді деген жорамал.
– Денсаулығына байланысты ораза ұстай алмаған жандар парызын қалай өтейді?
– Ең алдымен ораза деген сөздің өзінің түсінігі, ішіп-жеуден, сол сияқты шариғат тыйым салған харам нәрселерден өзін-өзі тыю. Ол мейлі өсек, ғайбат сөз болсын, ол мейлі жаман іс-әрекет пе, харам болған тағам ба, кез келген зиян нәрселерден адам тыйылуы тиіс. Түрлі ғайбаттарды сөйлемей, ауыз оразасын жасауы керек. Түрлі өсек-аяңдарды естімей, құлақ оразасын жасау керек. Бұл тізімге көз оразасы да қосылады, күнәлі нәрселерге қарамау үшін. Сондықтан ораза ұстаған адам жан дүниесін тазартуға ниеттеніп, бүкіл жаман нәрселерден бойын аулақ салуы қажет.
Ораза негізі исламдағы 5 үстіннің (парыздың) үшіншісі. Оны ұстау әрбір мұсылманға парыз. Бұған қасиетті құраннан бірнеше дәлелдер бар. Мәселен, Бақара сүресінде: «Сіздерге ораза ұстау парыз етілді, сіздерден бұрынғыларға ораза ұстау парыз етілгендей. Әрине, тақуалықтан үмітті болсаңдар» деген аят бар.
Жалпы, ежелгі мексикандықтар, ежелгі ассириялықтар, соның ішінде тауратта, інжілде яғни барлық дінде ораза ұстау ерте кезден болған. Дегенмен исламнан өзге діндегілер ежелде белгілі нәрселерден өздерін 15 күн тыйған. Ал 30 күндік ораза тек мұсылмандарға ғана берілген. Сондықтан 30 күн оразаны тұту парыз. Хадистен дәлел келтірер болсақ, Мұхаммед (ғ.с.ғ.) хадисінде исламның 5 үстіні бар. Ол – Аллаға иман келтіру, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру, қажылыққа бару. Шамасы жеткен адам өмірінде бір рет қажылық амалын жасауы парыз. Пайғамбарымыздың осы айтқаны оразаның парыз екеніне дәлел. Ал осы амалдарды жасай алмайтын жағдайда, мәселен, әйел адамдарда 30 күн оразаны толығымен өтеп шығатын мүмкіншілік бола бермейді. Бала емізген кезде ораза үзіледі, сондай-ақ әйелдердің осы сияқты ораза тұта алмайтын жағдайлары болады. Сол сияқты ер адамдардың да көбіне денсаулығына байланысты, болмаса сапарға шыққан кезде ұстай алмайтын себептері болады. Ондай мұсылмандар міндетті түрде өтеуін жасауы керек. Күніне бір адамның таңғы сәресі мен кешкі ауызашар тағамын көтеруі тиіс немесе жағдайы жоқ 60 адамды тамақтандыруы қажет. Сол кезде ғана парызы өтеледі. Болмаса, таңғы сәре мен кешкі ауызашарға кететін шығынның көлемін есептеп, сол соманы мүсәпір жанға садақа ретінде беруіне болады. Әрине, бұл ораза ұстауға шамасы жетпейтіндер үшін. Ал ораза ұстауға мүмкіншілігі бар, денсаулығы дұрыс адамға мұндай амал қабыл болмайды. Сондықтан жағдай болып, денсаулық көтерсе, ораза ұстау міндетті.
– Ораза бұзылғанда оның қазасы қалай өтеледі?
– Ораза түрлі жағдайлармен бұзылады. Ауырып қалады болмаса жолсапарға шығып кетеді. Егер сапарға шыққанда қиналмайтынына көзі жеткен адам оразаны бұзбай-ақ тұта беруіне болады. Ал қиналып қалатынына көзі жеткендер амалсыз ашуға мәжбүр. Егер Алланың әміріне қарсы шығып, әдейілеп ауызын ашып жібергендер бір күнге 60 күннен ораза тұтады. Сондықтан оразада әдейілеп деген нәрсе болмауы тиіс. Ешкімде бекерден-бекер аузын ашпайды. Оның белгілі бір себебі болуы керек.
Сондай-ақ белгілі себеппен ашып жіберген жағдайда оның өтеуі болады. Яғни, қарыз адамдар Рамазан айы біткеннен кейін, айт намазы оқылып, айт мейрамы өтісімен өтеуін жалғастыра алады. Келесі жылдың оразасына дейін қарыз күндерін өтеуге оған мүмкіншілік бар.
– Биылғы пітір-садақа мөлшері қанша?
– Биыл әр адамға 100 теңгеден деп есептелінген.
– Рамазан айынан кейін келетін шәууәл айында ұсталған 6 күн оразаның сауабы 1 жылға теңестіріледі. Сол сияқты Рамазанға дейін де тұтылатын ораза бар ғой, соның талаптары қандай?
– Бұл туралы да пайғамбарымыз (ғ.с.ғ.)-ның хадисі бар. Шәууәл айында 6 күндік ораза дейді. Одан да бөлек шәууәл айының басында 3 күн, ортасында 3 күн және соңында 3 күннен тұтылатын оразалар бар. Бұдан басқа айдың ортасында, 14-і мен 15-і күні, болмаса дүйсенбі мен бейсенбі күні тұтылатын ораза түрі де болады. Өйткені әр айдың өзінің қасиеті бар. Мәселен, қазіргі уақыт шағбан айы. Бұл – пайғамбарымыздың айы. Осыған байланысты Айша анамыздың айтқанына құлақ түрсек, пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.с.ғ.)-ның ең көп ораза ұстаған айы осы шағбан айы екен. Ал мұның алдында ережеп айы өтті. Ол – Алла Тағаланың айы. Жалпы алғанда ережеп, шағбан айы болсын, мұның барлығы Рамазан айына дайындық секілді. Бірақ Рамазан айынан басқа оразаны толық бір ай тұту дұрыс емес. Айдың басында, ортасында және соңында 3 күннен тұтса жеткілікті. Тіпті болмаған жағдайда әр аптаның дүйсенбісі мен бейсенбісінде ұстаса да болады. Ал айды толығымен тұту тек оразаға ғана тән.
– Соңғы кездері жастардың дені мұсылманшылыққа мойын бұруда. Намазға жығылып, ораза ұстап парыздарын өтеп жатыр. Әрине, жас буынның исламға бетбұрысы қуантады. Бірақ былай шыға бере аузы берік жастардың ғайбат сөздерге барып жататыны да шындық…
– Былтырғыға қарағанда биыл жақсы, биылға қарағанда келесі жылы жақсы дегендей, жылдан-жылға жастардың бетбұрысы байқалып келеді. Сол сияқты қазір балиғат жасына жеткен кез келген адам ораза тұтамын десе, оған тыйым салуға ешкімнің құқы жоқ. «Жастар жаппай ораза тұтып жатыр екен, олар оның шарттарын жөнді білмейді, былай шыға бере ғайбат сөздер айтады», деп біз оларға шектеу қоя алмаймыз. Олар өз тірлігіне Алланың алдында есебін береді. Егер адам балиғатқа толды ма, Алла Тағаланың парызы ма, соны орындауы міндет. Ал тұтқан адам өзінің ниетіне қарай сауабын алады. «Біраз диета сақтайын, шамалы азайын» деп, белгілі бір ішкі есеппен ұстағандардың оразасы есептелмейді. Тек Алланың разышылығы үшін, Алланың парыз етіп берген оразасын тұттым деп ниет етсе ғана қабыл болмақ.
– Дегенмен, мұсылмандыққа мойын бұрған жастардың ислам шарттарын бір жерден үйренбейтіні анық. Бірі мешітке келіп ниет етсе, енді бірі кітаптан, енді бірі интернеттен үйреніп жатады. Сондықтан да олардың ислам жайлы пікірі бір жерден тоқайласпай жатады. Негізі бұл бағытта жастардың қайдан ілім ізденгені дұрыс?
– Интернет деген нәрсе өзіңізге жақсы таныс, оған кім болса сол ақпарат салады. Кім болса сол оны оқиды. Сол себепті интернет адамды адастырады. Бұл ақиқат нәрсе. Өйткені онда жол көрсетер жолбасшы жоқ, дұрыс-бұрыстығын айтатын маман тағы болмайды. Сондықтан бұл жерде жастарға интернеттің жөнді жол сілтейтініне күмәнім бар.
Негізі исламға шындап бет бұрған әрбір жастың алдымен мешітке барғаны абзал. Бүгінде қайбір елдімекен болмасын мешітсіз емес. Мешіттің жанында сауат ашу курстары және жүреді. Жастардың сондай курстарға жазылып, оқуына мүмкіндіктері мол.
«Жастар жаппай мешітке ағыла бастады. Олар діни сауаты болса да келеді, болмаса да келеді» деген бізге артық нәрсе. Кәмелет жасқа толғаннан кейін әрбір мұсылманның мешітке келуі, намаз оқуы міндет. Бізде сонау кеңес дәуірінен бері санамызда қалыптасып қалған қағида бар. Ол мешіт десе, жасы 60-тан асқан, егде кісілерді көз алдымызға елестетеміз. Кейбіреулердің түсінігінде пайғамбар жасына жеткен адам ғана мешітке баруы тиіс сияқты. Әрине, бұл қате түсінік.
Негізі шариғатта: «7 жасында балаңа намаз оқуды бұйырғын, 10 жасында балаңды саясат үшін соғып ал» дейді. Өйткені бұл баланың сол намазға қаншалықты ұқыпты да берік болуы керек екенін санасына ұғындыру үшін осылай айтылған.
– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Ләззат Кемелбаева

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: ,
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    оразаны ашар алдында және жабар алдында не окиды және калай айтып берсениз


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Салеметсизбе.Менин кояр сурагым жума куни немесе сенби кундери карыз Ораза 9стауга болама,Рамазан айында белгили бир себептермен Оразамды ашып жибердим,


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    сәлеметсиздерме? менін есімім перизат…жасым 12 де…менін сізге қояр сұрағым бар еді. Мен қонақ келгенде комектесіп жүріп күннің аптап ыстығына шыдай алмай су ішіп жібердім… оразамнын казасын 60 күн өтеймін бе??жауаптарыңызды асыға күтемін… алдын ала рахмет..


  4. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Алла сізден разы болсын.

Пікір жазу