Ордабасы ауданы: ҰБТ-ға қатысатын түлектерге сәттілік!

Ордабасы ауданы бойынша Ш.Уәлиханов мектебіне жиналып , сынаққа дайындық жүргізілуде. Оған мұғалімдер және ата-аналары, білім бөлімінің басшылары, аудан әкімінің орынбасары, және аудандық «Дәулеталыұлы Бегалы ата» мешітінің имамы Б.Әшірбайқатысып жастарға ақтілек, сынақтан сүрінбей өтулеріне сәттілік тіледі. Бүгінгі таңда сынақтан сүрінген азаматтар болса, өздерінің сақтарын сындырмай қайта сынаққа қатысуларына мүмкіндігі бар екеніне, өздерін жоғалтпай,сабырлы болуға шақырды. Сынақтан жолы болыпөткендерге еліміздің өркендеуіне, дініміздің көркейуіне, аянбай еңбек етуіге шақырды. Қазақстанның түпкір-түпкіріне өз мамандары бойынша оқуға аттанасыңдар. Кейбір кереғар ағымдарға ілесіп кетпеу керектігін ескеррті. ҚМДБ мақұлдаған кітаптар жер-жерлердебар екенін, дәрістерді имам кісілерден алсаңыздар адаспайсыздар. Аудан имамы оқушыларға ақ батасын беріп, сәттілік тілеп сөзін аяқтады.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу