Миғраж түні қашан болады?

Миғраж түні биыл (2013 жылы) маусымның 5 не тура келеді. Миғраж кешінде ең көп жасалатын ғибадаттың бірі – намаз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) миғраж түнi  «Үмбетiм, үмбетiм»  деп жылап, өзiне ерген барлық мұсылмандар үшiн көп дұға-тiлектер жасап, кешірім сұрады.

Сондай-ақ Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Уа, Жаббар ием, миғраж мұғжизасымен менi нығметтендiрдiң. Үмбетiм үшiн де осындай бiр нығмет тiлеймiн» – дегенінде, Аллаһ тағала: «Намаз – момындардың миғражы» – деп, Мұхаммед (с.а.с.) үмбетiне миғраж дәрежесiндей бес уақыт намазды сыйлаған.

Ендеше бұл түнде қаза, нәпіл намаздарды оқу, Алладан еліміздің бірлігі мен ынтымағының артуын тілеу, дүние жүзіндегі мұсылмандарға күш-қуат беруін сұрау, шынайы ықылас, ниетпен дұға жасау керек. Кейбір шариғат кітаптарында бұл түні 12 рәкағат нәпіл намаз оқылады делінген.

Бұл намаздың оқылу түрі былай: Әрбір рәкағатта фатиха сүресімен кез-келген бір сүре оқылады да екі рәкағатта сәлем беріліп отырады. Осылайша 12 рәкағат тамамдалған соң 100 рет «Субханаллаһи уәлхамдулилләһи уәлә иләһә иллаллаһу уаллаһу акбар», 100 рет «Әстәғфируллаһул азим уә нәтубу иләик», 100 рет «Аллаһуммә салли алә сәиидинә Мухаммәд, уә алә әли сәиидинә Мухаммәд» деп салауат айтылады.

Аллаһ тағала бұл кеште жасаған ғибадат, құлшылықтарымызды қабыл етсін!

Алтынбек ҰТЫСХАН

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Сездерге . бугун тунде дугаларенз хабел болсен !

Пікір жазу