Қасиетті Қағба жуылды

Киелі екі мешіттің қамқоршысы, Мекке шаһарының губернаторы, ханзада Халид әл-Файсал бүгін таңертеңгісін қасиетті Қағбаны жууға атсалысты деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми сайты.

Ол қасындағы жоғары лауазымды тұлғалармен бірге мұсылмандардың тәу ететін осынау киелі орнын жуу рәсіміне бас-көз болды.

IINA хабарлағандай, сыпыртқымен, матамен және иіссу себілген сумен Қағбаның іші-сыртын жуып, тазалап шықты.
Осыдан 1400 жыл бұрын Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Оған Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) сүннетін тірілткен олар Қағбаның ішіне жалаңаяқ кіріп, мәрмәр қабырғасы мен еденін жұпар шашқан маймен сүртіп шықты.

Олар Қағбаны жуып біткен соң намаз оқып, Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтты.
Қағба жылына екі рет – Мухаррам қажылығынан кейін алғашқы айда және Шағбан айында жуылады.

Ақпарат көзі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу