Жаңа тағайындау

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан  қаласында орналасқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы аудандық «Хилует» мешітіне Әбдірахман Әбдімәлік Әбдіуахабұлы  бас имам етіп тағайындалды.

Ол 1991-1992 жж. Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы «Меркі» медресесін оқып, 1992-1995 жж. Түркия Республикасы, Ыстамбұл қаласында «Имам Хатиб» мамандығын тамамдаған. 1995-1998 жж. Халықаралық қазақ-түрік университетінің  Шығыстану факультетінің «Араб тілі және дінтану» мамандығын тамамдаған. 1998-2008 жж. Қазақ-Араб университетінің дайындық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Тәжірибесі мол, білімді де білікті маман, жамағат пен жергілікті әкімшілік жүйемен тіл табыса білетін азамат.

Әріптесімізге сәттілік тілейміз.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу