Шымкент медресесінде жаздық лагер басталды

Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресесінің оқу базасында діни сауат ашу жазғы лагер өз жұмысын бастады.  Бүгінгі таңда, 170 жасөспірім ұл-балалар тәлім алуда. Онда барлық жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, төрт мезгіл тамақ, жатын орын, ойын алаңшалырымен қамтылған.

Аталмыш лагерді ҚМДБ-ның  ОҚО бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы ашып, келген жасөспірімдерге сәттілік тілеп, осындай жағдайлар Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің үлкен қамқорлығы екендігін атап өтті.

Жалпы лагерде медресесінің білікті һәм тәжірибелі ұстаздары дәріс жүргізуде. Дәріс барысында әліппе, құран, әдептілік және бір айлық бағдарламаға сәйкес  тәлім беріледі.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу