«Ықылас» Құран курсы жазғы лагері ашылды

Жуырда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қолдауымен  Шымкент қаласында  «Ықылас» құран курсы ашылған болатын. Осы оқу орында аз уақыттың ішінде бірнеше тындырымды істер қолға алынып келеді. Солардың бірі,  діни сауат ашу жазғы лагер өз жұмысын бастады.

Лагерге 120 жасөспірім ұл-балалар бір ай бойы тәлім алып, діни сауаттарын жетілдіретін болады. Сонымен қатар, төрт мезгіл тамақ, жатын орын, кітаптар т.б. қажетті деген заттармен қамтамасыз етілген.

Дәстүрге сәйкес,  лагерді ҚМДБ-ның  ОҚО бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы ашып, келген жасөспірімдерге сәттілік тілеп, осындай жағдайлар Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің үлкен қамқорлығы екендігін атап, имандылық, тәлім-тәрбие,  ата-ана мен ұстаздарды  құрметтеу жөнінде ғибратты әңгімелер айтып берді.

Ресми ашылу кезінде мекеме құрылтайшысы Қалиолла қажы Маджанов Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына риза екендіктерін жеткізді. Жазғы лагер екі айға бойы жалғасады.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу