Шардара ауданы: Атқарылған іс-шаралар «Діни экстремизмнің алдын алу»

Маусым айының  12 — ші жұлдызы күні Көксу ауыл округі әкімшілігінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарының қатысуымен  «Діни ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге аудандық аудан имамы Асылхан Данияров,  дін танушы Байкұлов Мырзабай, ауыл әкімі Алимкулов Талғат қатысты. Ауыл тұрғындары кездесу барысында қызығушылық танытып,  жауабын таппай жүрген көкейде жүрген көкейтесті  сұрақтарын қойып,  тұшымды жауаптарын алды.

Маусым  айының  14 — ші  жұлдызы күні Жаушықұм  ауыл округінде орналасқан «Жаушықұм» мешітінде қасиетті жұма намазында «Діни ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта аудан имамы А. Данияров, дін танушы М. Байқұлов ауыл әкімі Тұрлыбеков Жоламан және  ауыл жамағатының   қатысуымен  кездесу өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындары қызығушылық танытып,  көкейде жүрген   сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.  Дін танушы М. Байқұлов кері тартпа діни ағымдар жайында кеңінен тоқталып өтті. Аудан имамы кездесуді қорытындылай келе еліміздегі мұсылмандардың ұйымшылдығы, ауызбіршілігі үшін қандай да бір діни мәселеде бас — басына би болу емес, жүгінетін орын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және діни басқарманың жергілікті жердегі өкілетті имамдары. Сондықтан, ешқандай да сәләфизмге және басқа діни «измдерге» Қазақстанда қажеттілік жоқ.

Маусым  айының 17 — ші  жұлдызында аудандық сот қызметкерлерімен  «Діни экстремизмнің алдын алу» атты тақырыпта  кездесу өтті.  Кездесуге аудан имамы Асылхан Данияров, ҰҚК — нің өкілі қатысты.

Аудан имамы Асылхан Данияров баяндамада: Қазіргі таңда қуанарлығы жастар арасында дінге бұт бұрып мешітке келушілер саны күн санап  артып келеді. Бүгінгі кездесудің мақсаты сіздерді  Хизбут — тахрир,  Зікіршілер, Таблиғи жамағат, Уаһһабилік (Сәләфилік), Такфиршілер  тағы басқа осы сияқты саяси радикалды ұйымдар, кері тартпа діни ағымдардың зияндығымен таныстыру. Дана халқымызда қанаты сөз бар «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде», — деген.

«Хизбут — Тахрир» (Азаттық партиясы) бейресми діни — саяси партия. Оның толық атауы «Хизбут — Тахрир әл ислами» деп аталады. Негізін қалаған Мысырда дүниеге келген палестиналық шейх Тақиуддин Набхани. Алғашында ол «Ихуанул   муслимин» («Мұсылман бауырлар») ұйымының Иордания бөлімшесі қатарының белсенді жетекшілерінің бірі болған. Кейін белгілі бір діни мәселеде (ақида бойынша) ұйым мүшелерімен келісе алмағандықтан ол ұйымнан шығып кетеді. Өзге палестиналық арабтармен бірігіп 1953 жылы «Хизбут — Тахрир» партиясын құрады. Оны құрудағы басты мақсаттары Палестина жерін израильдік басқыншылардан азат ету.

2005 жылдың 28 — ші  наурыз күні Бас прокурордың ұсынысы бойынша Астана қаласының соты «Хизбут — Тахрир» ұйымын экстремистік ұйым деп танып, оның Қазақстан аумағында қызмет етуіне тыйым салу туралы шешім шығарды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі 26 — шы ақпан күні Қазақстан Республикасы аумағында «Таблиғи жамағат» халықаралық ұйымының қызметіне тыйым салынғаны туралы мәліметті таратты. Бұл хабарламада: Астана қаласы прокуратурасының арызы бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты «Таблиғи Жамағат» халықаралық ұйымын экстремистік деп тану және оның қызметіне Қазақстан Республикасында тыйым салу туралы шешім шығарды. Бұл шешімді шығару барысында көрсетілген ұйымның қызметінің экстремисттік бағыттығы жөніндегі қолда бар материалдармен қатар «Таблиғи Жамағат» халықаралық ұйымы Ресей Федерациясында, Өзбекстан Республикасында және Тәжікстан Республикасында сот тәртібімен экстремистік деп танылғаны және тыйым салынғаны назарға алынды», — делінген.

2012 жылдың 7 — ші  маусымында Шығыс — Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыс прокурорының талап арызы бойынша «Сенім. Білім. Өмір» Республикалық қоғамдық бірлестігін экстремистік ұйым деп тану, оның қызметіне тыйым салу және мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда қазақ жұртына мәзһаб мойындамайтын сәләфиттер деп аталатын ағым бар. Олар бұрынғы Ислам ғұламалары талқыға салып, ара жігін айқындап қойған көптеген діни қағидаларды бүгінгі қоғамда өзекті мәселеге айналдырып, діни сауаты төмен, қарапайым халықтың басын қатырып жүр. Олар өздерін «сәләфтардың жолын ұстаймыз, біздікі ғана дұрыс» дейді. Жалпы, сәләфтар дегеніміз кімдер? Өздерін сәләфиттерміз деп жүргендер шынымен сәләфтар ма? «Сәләф» сөзі «бұрынғылар» деген мағынаны да білдіреді. Ислам дінінің алғашқы  үш ғасырына жататын ғұламалар тобы «сәләфтар» деп аталған. Олар  ең әуелі, пайғамбарымызды (с.а.с.) көзі көрген сахабалар, сахабаларды көзі көрген табиғиндер, табиғиндерді көзі көрген атбағут — табиғиндер.

Қазақстан Республикасының президенті — Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан: Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт — дәстүрді, ата — ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін — ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол — біздің дәстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек дегенін тілге тиек етті.

14 — ғасырдан бері ата — бабаларымыздың ұстанған діні Ислам  болса, соның ішінде ұстанған жолы мазхабы имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а) жолы болған. Барша ұстанған әдеп  — ғұрып, салт — дәстүрлеріміз шариғатқа қайшы келмегені дінмен бітісе қайнап араласып кеткен деуге болады.

Бүгінгі кездесу пайдасы мол, қоғамға зиянды саяси радикалды ұйымдар мен кері тартпа діни ағымдар турасында  өздеріңізге  қажетті болған мағлұматтар алды деп ойлаймын. Алла тағала елдің тыныштығын, халқымыздың амандығын берсін.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу