Лұқман Хакім — Ұ.Алиакбарұлы

Лұқман аса дана, табип («Табип» – араб сөзі, дәрігер ) болған кісі. Жалпы көзқарас бойынша пайғамбар емес, дәрігер болған. (Халифа Алтай Ғақыпұлы) Лұқман Хакім жайлы мағлұматтар аз кездеседі.
Аллаһ тағала Құран кәрімде Лұқман Хакім жайлы былай дейді:
«Негізінде Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік». Құран Кәрім Лұқман сүресі 12 аят
Лұқман ибн Бағур ибн Нахур ибн Тарих . Тарих Азар деген есіммен де белгілі. Азар – Ибраһим а.с. пайғамбардың әкесі. Лұқман Хакім Аюб а.с. пайғамбардың жиені. Ол мың жыл өмір сүріп, Дәуіт а.с. пайғамбармен кездесіп, одан ілім үйренген. Лұқман Хакім Дәуіт а.с. пайғамбардың заманында Бәни Исраил қауымына қазы болып өткен .
Лұқман Хакім Хабашстандық құл яғни негр және ағаш ұстасы болған .

Лұқман Хакім Судандық. Аллаһ тағала оған даналық берді бірақ пайғамбарлық емес. Ол тігіншілікпен айналысқан. Көп сөйлемейтін, көп ойланатын, зерек, күндіз ұйықтамайтын, ешкім оның түкіргенін көрген емес. Күліп, ойын-сауық құрмайтын. Даналық сөздерден басқа айтқан сөздерін қайталамайтын .
Ол нағыз тақуадар, ұлы даналыққа ие, ғибадатшыл жан болатын. Ол Аллаһты жақсы көрді, Аллаһта оған даналық бере отырып оны жақсы көрді. Даналыққа жету үшін шындықты тілімен айтып, ішкі жан-дүниесімен, жүрегімен ойланып, парыздарды орындау керек. Лұқман Хакім сөйлегенде даналықпен сөйлейтін, ой жүгірткенде де солай, іс-қимылды да даналықпен орындайтын .
Лұқман Хакім хабашстандық қара құл әрі ағаш ұстасы болатын. Бір күні оның қожайыны оған мына қойды бауызда деді. Ол бауыздап болған кезде, қожайыны: қойдың ең жақсы деген екі кесек етін кесіп ал деді. Лұқман Хакім қойдың тілі мен жүрегін кесіп алды. Кейін қожайыны енді ең жаман екі жерін кесіп ал деді. Лұқман тағы да тілі мен жүрегін ұсынды. Осы кезде қожайын Лұқманға қарап: ең жақсы жері дегенімде тілі мен жүрегін кесіп алдың, ең жаман жері дегенімде де тілі мен жүрегін кестің деді. Сонда Лұқман Хакім былай деп жауап берді: Егер осы екеуі адал болса бұлардан жақсы жер жоқ, ал егер бұл екеуі бұзылса бұлардан жаманы жоқ .
Лұқман Хакім томпақ ерінді, жалпақ аяқты қара құл болатын. Бір күні бір адам Лұқман Хакімді сөзін мұқият тыңдап отырған адамдардың ортасынан көреді. Сырттан қарап тұрған кісі Лұқманға қарап: сен бұрын менімен қой баққан адам емессің бе деп сұрады. Лұқман: ия, ол менмін деп жауап берді. Сен мына дәрежеге қалай жеттің деп сұрағанда, Лұқман Хакім: шыншылдық әрі маған қатысы болмаған нәрсеге араласпау арқылы деп жауап берді .
Шынында Аллаһ Лұқман Хакімге даналық берді. Бір күні Лұқманды бұрын білетін бір адам келіп: сен қой бағып жүрген, пәлен тайпаның құлы емессің бе деп сұрады. Лұқман Хакім ия деп жауап берді. Әлгі адам мына дәрежеге қалай жеттің деп сұрады. Лұқман Хакім: Аллаһтың қалауымен, аманатты орындаумен, шындықты айту және маған қатысы жоқ іске араласпау арқылы деді .
Абу Дарда р.а . бір күні Лұқман Хакім туралы әңгімелеп былай деді: оның байлығы, бала шағасы болмады. Бірақ ер жүрек, батыр, қайсар болды. Лұқман Хакімнің жанұясы, бала-шағасы болған. Олар өзінің көзі тірісінде дүние салған. Бірақ Лұқман олар үшін қатты қайғырған жоқ. Ол патшаларды зиярат ететін. Оларға қарап, ойланатын. Осы себепті оған берілуі керек нәрсе берілді. Лұқман Хакім аскетик адам болған. Дүниеқоңызданып, мал мүлік жинамаған, оған бұрылып та қарамаған .
Оның Таран есімді ұлы иман келтірмегендерден болған екен. Осы себепті Лұқман ұлы иман келтіргенге дейін, оған үгіт-насихат етуді тоқтатпаған. Ғұламалар Лұқман Хакімнің Аллаһтың ізгі құлы, дана, Аллаһтың досы, бірақ пайғамбар болмағандығына бірауыздан келіскен.
Дәуіт а.с. пайғамбар Лұқман жайлы былай деген: «Лұқман сен ізгілерденсің. Саған даналық берілген, сен қайғыдан ұзақсың. Маған пайғамбарлық берілген, осы себепті маған қайғы-қасірет жақын».
Лұқман Хакімнің мазары Палестинада, Рамла қаласына жақын жердегі Сарфанд ауылында деп айтылады.
Құран Кәрімде Лұқман Хакімнің атымен аталатын сүре бар. Аталмыш сүреде Аллаһ тағала Лұқман Хакімді былайша сипаттайды
«Негізінде Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік. Кім шүкірлік етсе өзі үшін шүкірлік етеді. Ал кім күпірлік етсе, Аллаһ еш нәрсеге мұқтаж емес, Аллаһ мұңсыз әрі мақтауға лайықты». Құран Кәрім Лұқман сүресі 12 аят.
Шүкірлік етуден мақсат Аллаһ тағалаға итағат ету, құлшылық ету, ғибадат ету . Даналықтың негізгі алғы шарттары Раббысына шүкірлік ету болып есептеледі. Шүкірлік ету тек тілмен емес, ойлау, пікірлеу, сөзінде және іс-әрекетінде де көрінуі тиіс. Шүкірлік етуші адам оған берілген Нығметтердің тек қана Аллаһтан екендігіне толық сенімді болады .
Күпірлік – араб тіліндегі “كفر” «куфр» деген сөздің баламасы. Ол имансыздық, кәпір болу, қарсы келу, шүкірлік етпеу, жақсылықты білмеу деген мағыналарды білдіреді .
Сонымен бірге Құран кәрімде Лұқман Хакімнің ұлына айтқан үгіт-насихаттары да кездеседі:
«Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: «Балақайым! Аллаһқа серік қосушы болма! Негізінде серік қосу үлкен зұлымдық» деді». Құран Кәрім Лұқман сүресі 13 аят.
Әр бір әке өз ұлын жақсы көргендігі, жақсылықты қалағандығы себепті жақсылыққа үгіттеп отырады . Құранда “لإبنه” «ли ибниһи» яғни ұлына үгіт бере отырып дей келе, артынша «ибн» сөзінің орнына «бунай» деп қолданады. Бунай ибн сөзінің кішірейтілген, еркелеткен түрі. Балақайым, кішкентайым деген мағыналарға жақын келеді . Балақайым деген сөз кішкентай баланы өзіне жақындатуды, құрметтеуді білдіреді . Балақайым (бунай) сөзі араб тіліндегі сөздің кішірейтілген формасы. Нәзіктілікті білдіреді . Лұқман біріншіден баласын серік қосудан сақтандырып отыр. Себебі серік қосу үлкен кешірілмес қателіктерден .
Ең үлкен әділетсіздік ол Жаратушыны Өзінің жаратылыстарымен немесе бұттармен теңестіру. Бұл даналыққа жат нәрсе . Зұлымдық ол біреудің құқын мойындамау және әділетсіз әрекеттер. Көпқұдайшылық зұлымдықтың бір түрі. Көпқұдайшылық – үлкен қателік, себебі адам кей кезде әлдебір жаратылысты өзінің Жаратушысымен тең қойып қояды. Бұттар ешнәрсе жарата алмайды, оған (табынушы адамға) мына жалған дүниеде рахаттана алатындай ешбір жақсылық істей алмайды. Жаратушының адамдарға байланысты ақысы тек қана Өзіне құлшылық етулері .
«Балақайым! Тарының салмағандай болса да, бір жар тастың ішінде болса да, көктерде немесе жерде болса да Аллаһ оны (Оны – яғни, көзге көрінбейтін, өте кішкентай күнәларды. (Сафуат әт-Тәфәсир), (қиямет күні) алдыңнан шығарады. Расында Аллаһ өте жұмсақ әрі толық білуші». Құран Кәрім Лұқман сүресі 16 аят.
Тарының салмағындай яғни, зәредей, өте кішкентай, елеусіз, көзге көрінбейтін деген мағынада .
Көзге көрінбейтін, еленбейтін күнәлардың барлығы қияметте алдымыздан шығады. Бір күні хал үстінде жатқан бір кісі екі қызын шақырып алып былай дейді. Бір қызына үлкен тас әкел, екіншісіне дәл сол үлкен тастың салмағындай майда тастарды жинап алып кел дейді. Екі қызы әкелерінің айтқанын орындап келеді. Келген қыздарына әкесі: енді тастарыңды алған орындарыңа қайта апарыңдар дейді. Үлкен тасты әкелген қызы орнына қояды. Дегенмен екінші қызы майда тастарды әр жерден теріп алғандығы себепті, орындарын ұмытып қалғандығын айтады. Сол кезде әкесі кіші күнәлар осы майда тастар секілді естен шығып қалады. Сол себепті кіші күнәлардан сақ болыңдар деген екен .
«Балақайым! Намазыңды толық орында. Жақсылыққа шақырып жамандыққа тыйым сал. Басыңа түскен ауыртпашылыққа сабырлық ете біл. Негізінде бұлар маңызды істерден». «Адамдарды паңсып, менсінбеуші болма. Жер бетінде кербеңдеп жүруші болма. Шын мәнінде Аллаһ барлық даңдайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді». «Жүрісіңде орташа бол, дауысыңды қатты көтерме. Негізінде дауыстардың ең жаманы, ол есектің дауысы». Құран Кәрім Лұқман сүресі 17-19 аяттар.
Лұқман Хакім серік қоспаудан кейін намаз оқуды үйретуде. Иманы жүрегіне толық орныққан адам Жаратушысына серік қоспайды әрі разылығын табу үшін оған бойсынып, бұйырғанын орындайды. Басын сәждеге жығып, намазды толық орындайды. Намаз орындаудан кейінгі насихаты адамдарды жақсылыққа шақыру жамандықтан тыю. Әдетте адамдар бірінші жамандыққа тыйым салып жатады. Көпшілік істеп жатқан ісіне тыйым салушыларды жақтыра бермейді. Егер біреудің ісінің бұрыстығын көрсеңіз оның орнын басатын істі тауып беруіңіз шарт екен. Керісінше жағдайда ол істен адамның бас тартуы қиын екен. Осы себепті болса керек Аллаһ Лұқман Хакімнің сөздерімен жақсылыққа шақыруды бірінші орынға қойған. Одан кейін барып жамандықтан тыю келеді. Енді жақсылыққа шақырған адамның басына қиыншылықтардың келетіндігі белгілі нәрсе .
Аяттағы жақсылыққа шақырып жамандықтан тыюда астарлы мағыналар жатыр. Ол мына жалған дүниеде жақсылыққа шақырып жамандыққа қарсы шыққан адамға әр түрлі қиындықтар кездеседі . Ал бұл қиындықтарға сабыр ете білу керек.
Ибн Аббас р.а. былай дейді: шынайы иманның белгісі адамдардың қарсылығына сабырлылық таныта білу .
Лұқман Хакім қиыншылықтарға сабырлық таныта білген соң дағуатшы боламын деген мұсылманға адамгершілікті қамтитын насихаттарды айтады .
Жақсылыққа шақырушы адам еш уақытта өзін басқалардан жоғары қоймауы тиіс. Мен оларға тура жолды көрсеттім деп дандайсынбай, мінез-құлқында, іс-әрекетінде адамдарды менсінбеушілік болмау керек .
Аятта келген «мухтал» сөзі өзіне берілген нығметтерді Аллаһтан екендігін ұмытқан адамға айтылады . Аяттағы «фахур» сөзі басқалардың алдында өзінің күш-қуатымен мақтанушы адамды білдіреді .
Аллаһ тағала дандайсыған мақтаншақ, өзін басқа адамдардан жоғары қоятын адамдарды жақсы көрмейді.
Әр бір адам өзінің жүріс-тұрысын қадағалай білу керек . Мұсылман мінезі мен жүрісін мұқият қадағалап жүруі керек . Дауысты қатты көтермеу – адамның ақылды, парасатты, өзіне, сөйлер сөзіне, әділдігіне сенімді, иманы берік екендігін білдіреді .
Жаман дауысты аятта есекке теңеген. Аяттағы есек сөзі ақымақтық пен адамгершіліксіздіктің символы ретінде келіп тұр .
Әрине бұл барлық уақытта жәй сөйлеу керек дегенді білдірмейді. Жаныңызда бір адам тұрса әрине сіз жәй дауыспен сөйлесесіз. Бір топ адамның ішінде немесе ұзақтағы адамға біршама дауысты көтеріңкі сөйлеуге тура келеді. Аталмыш ескерту өзін көрсету мақсатында жан даусын салып айқайлап сөйлейтіндерге арналады .
Атың шықпаса жер өрте деген осыған байланысты айтылса керек .
Аллаһ тағала бізді сабырлылар қатарынан қылсын. Амин.

Аударып, құрастырған «Ықылас» мешітінің имамы: Ұлықбек Алиакбарұлы.
18 қазан 2010 жыл. Түркістан қ.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Мудрости Лукмана Хакима» Юсуф Хаттар Мухаммад. С арабского языка перевел: Ильяс Зинатулла. Печатное издание: «Иман». Уруссу, Татарстан 2002.
2. Құран Кәрім, қазақша мағына және түсінігі. Халифа Алтай. Сауд Арабия. Медине 1991.
3. Значение и смысл Корана. Издательство Сауримо. Москва 2002.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , ,
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Mashalloh, Allah razi bolsin


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ғибратты мақала. Осы мақала әр-бір жанның назарына ілігіп, жүрегіне жетуін АллаһТағаладан тілеймін! Алла разы болсын сіздерге!


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Аллах разы болсын !

Пікір жазу