Қамбаров Р.: Құбыла ауысқан ай

Шағбан айының 14-нен 15-не қараған кеш Бараат түні. Алайда, бағзы ғалымдар бұл түн жайлы ешбір сенімді дерек жоқ дейді. Бірақ, көптеген ғалымдар бұл түн жайлы дұрыс хадистер риуаят етілген. Тіпті, әлсіз хадис болса да, ізгі амал (фазилет) болғандықтан амал етуге болады. Бұл кеш жайлы Ибн Таймия: шағбанның ортасындағы түнге қатысты бір топ салаф ғалымдардан хадистер мен риуаяттар жеткен…,-дейді.

Мұсылмандар анасы Айша (р.а.) риуаят етеді: Алла елшісі (с.ғ.с.) оразаны (ұзақ) тұтқаны соншалықты, біз ол енді аузын ашпайтын шығар деп ойлушы едік. Және ораза тұтпай (ұзақ) жүргендіктен енді ауыз бекітпейтін шығар деп ойлаушы едік. Алла елшісі (с.ғ.с.) рамазан айынан басқа айда толық ай ораза тұтқанын көрмедім. Және шағбан айынан басқа айда көп ораза тұтқанын көрмедім. (Бухари және Муслим)

Анас бин Малик (р.а.) риуаят етеді: Алла елшісі (с.ғ.с.) ауыз ашпай оразаны (ұзақ) тұтушы еді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) биыл оразасын ашпайтын шығар деуші едік. Және ораза тұтпай (ұзақ) жүруші еді. Сонда биыл Алла елшісі (с.ғ.с.) ауыз бекітпейтін шығар деуші едік. Ол кісі шағбан айында ораза тұтқанды жақсы көруші еді. (Ахмад, Табарани)

Усама бин Зайд (р.а.) Мен: уа Алла елшісі (с.ғ.с.) Сіздің шағбан айындағыдай басқа айларда ораза тұтқаныңызды көрмедім,-дедім. Ол кісі: Бұл ражаб пен рамазан айының арасындағы адамдар мән бере бермейтін ай. Бұл әлемдер Раббысына пенделердің амалы көтерілетін ай. Менің амалдарым көтерілген кезде ораза күйде болғанды қалаймын,-деді. (Ибн Әбу Шайба, Насаи)

Муъаз бин Жабал (р.а.) риуаят етеді: Алла тағала шағбан айының ортасында Өз пенделеріне қарап, Өзіне серік қосқан мүшрік пен кекшілден басқаның баршасының күнәсін кешіреді. (Ибн Хиббан, Табарани)

Шағбан – рамазаннан алдынғы ай. Сондықтан рамазанға дайындық ретінде ауыз бекіту, Алла тағала алдындағы үлкен құлшылыққа нәпсіні әзірлеу қажет. Бұл айда көп жақсылықтар бар. Алла тағаланың мол берекеті түсетін ай. Сол себепті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шағбанға ерекше мән беріп, көп күндерін оразамен өткізген. Шағбан көпшілік мән бере бермейтін ражаб пен рамазан айының ортасындағы пенделердің амалдары Алла тағала құзырына көтерілетін құтты ай.

Осы айда құбыла ауысқан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұзақ уақыт Ақса мешітіне қарап құлшылық етті. Бірақ көкейінде құбыла ауысса екен деп жүзін көкке қаратып, уахиды күтуші еді. Ақыры, Алла тағала пендесінің тілегін қабыл етіп аспаннан құбыла ауыстыру жайлы: «(Мұхаммед (с.ғ.с.) жүзіңнің көкке жөнелгенін көреміз. Сондықтан өзің разы болған қыблаға айналдырамыз. Енді жүзіңді Харам мешіті жаққа бұр. (Мүміндер) қай жерде болсаңдар да: жүздеріңді сол жаққа жөнелтіңдер. Расында өздеріне кітап берілгендер, негізінен қыбланың ауысуын Раббыларынан бір шындық екенін біледі. Алла олардың істегендерінен ғапыл емес» (Бақара, 144-аят ) аяты түсті.

«Нұр Астана» орталық мешітінің

наиб имамы Қамбаров Р.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу