Ордабасы ауданы: Аудандық мешітте көшпелі семинар өтті

Ағымдағы жылдың 24-маусым күні Ордабасы ауданы Ордабасы  ауылы «Ордабасы»  мешітінде аудан молдаларының көшпелі семинары болып өтті. Семинарды аудан имамы Б.Әшірбай ашып ауданымызға тағайындалған жаңа куратор, облыс имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровті ауыл имамдарына таныстырды.

Облыс имамының орынбасары М.Естеміров ауыл имамдарына бірнеше тапсырмалар беріп, төмендегі мәселелер қаралды:

  1. Сауат ашу курстарын ұйымдастыру.Жазғы демалысты тиімді пайдаланып, мешіт жанынан оқушы балалардың діни сауатын ашу.
  2. 28-ші маусым Бұқаралық ақпарат күніне қарсаң, тілшілерді құттықтап мақтау грамотасын тапсыру.
  3. Рамазан айына қарсы Қош келдің Рамазан деген банерлерді мешіттердің сыртына іліп қою.
  4. Ораза кестесін жергілікті уақытқа қарап, кестесін шығару
  5. Мешіт жанынан ауыз ашар ұйымдастыру
  6. Рамазан айында қасиетті Құранды толықтай хатым ететін қариларды тауып ұйымдастыру
  7. Фидия құнын белгілеп, оны не үшін керек екенін халыққа түсіндіру
  8. Пітір садақаның құны үстіміздегі 2013 жылы Республика бойынша және Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында  пітір садақа 150 теңге болып белгіленді, бірақ бақуатты кісілер құрманың, мейіздің құнымен берулеріне болатындғын халыққа түсіндіру
  9. Шымкент медресесіне шәкірттер дайындау.
  10. ҚМДБ-ның тапсырмасымен Суицид (өз-өзіне қол жұмсаудың) алдын алу жөнінде халыққа уағыздар айту, БАҚ-қа мақалалар беру
  11. Әр мешіттің жанынан имандылық айнасын құру
  12. Шапаны жоқ имамдарға шапан тіктірту
  13. Имамдарымызға келесі семинарда ақ шалбар, ақ көйлек,шапан, тақияда болуларын тапсырды.

Және келесі семинарда осы «Ордабасы» мешітінің имамы Керімбек Айдосқа неке тақырыбында имамдарға лекция оқуын тапсырды.Және бұдан былайғы семинарларда әр имам қазіргі кезде өзекті болып жүрген мәселелерде лекция оқитынын ескертті.

Ауданымыздың имамы Б.Әшірбай маусым айының 29-күні сағат 16:00-де болатын Арман Бердалин бастаған қайырымдылық концертке, аудан имамдарын, және жамағаттарын шақырып, келесі семинар Тамыз айының 19-на Берген Исаханов ауылы «Береке» мешітінде өтетінін белгіледі. Семинар соңынан ас беріліп Құран бағышталды.

Астан кейін имдар үш жүздің басы қосылған қорыққа шықты. Онда ол жердің таныстырушысы сол жердің тарихымен имамдарды таныстырды

Ордабасы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы таулы өңір. Ордабасы тауының қойнауында 1726 жылы Орда тігіліп, қазақтың үш жүзінің игі жақсыларының басы қосылып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдыру жайы ақылдасылады. «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз сол заманнан қалған.

Сол жолы біртұтас қазақ әскері құрылып, Бас қолбасшы сайланды. Батырлығы, әдіс-айласы, соғыс тәсіліне жетіктігімен танылған кіші жүз ханы Әбілқайыр үш жүздің біріккен қазақ жасағына Бас қолбасшы болды.

Ордабасыдағы сол баталасу бәтуәлі болды. Қазақ жеңіске жетті. Жоңғардан ел азат етілді. Одан кейін де ұлт басына талай нәубет төнді. Қазақ талай мәрте қару ұстап, атқа қонды. Ұзақ жүріп, тайталаспен, жанталаспен жүріп, Тәуелсіздікке де ие болды.

Осы жеңісті, түпкілікті жеңісті, қазақтың заманалардан бергі арманы болып келген тәуелсіздікке қол жеткен – 1993 жылы осы Ордабасыда тағы бір үлкен жиын болды. Ол – шын жеңістің шынайы тойы еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аса бір тебіреніспен еркін сөйлеп, елдікке үндеп, болашаққа барар жолды меңзеп еді. Әруақ қонып, нар шөккен жеріміздің биігіне ұлт туын тігіп, ел-жұртын бірлікке, бүтіндікке шақырған еді. Ордабасыға XVIII ғасыр басында жиналған қазақ ашулы кек, ар-намыс туы, ел тағдыры шешілер майданға шыбын жандарын шүберекке түйіп, «Уа, тәңірім жар бол!» – деп атқа қонса, бұл жолы, «ұзағынан сүйіндір!» – деп қуанысып тарасқан-ды.

Қазақты үш ғасырда бауырына екі жиған Ордабасының екі жиыны да қайырлы болып, ел тірлігіне, жеңісті істерге бастауда.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу