ӘбдiмәлiкӘБДIРАХМАН: ОРАЗАҢЫЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН, ЖАМАҒАТ!

ОРАЗАҢЫЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН, ЖАМАҒАТ!

(Рақымды да мейiрiмдi Аллаһтың атымен)

Екi дүниеде бақытты өмiр сүруi үшiн Аллаһу Тағала адамзат үшiн бiр жүйе, үкiм қойған. Бiз оны шариғат деп жүрмiз. Шариғаттың ең негiзгi қайнар көзi әуелi қасиеттi ҚҮран кәрiм болса, одан кейiн хадис- шәрiфтер. ҚҮран орындалуы мiндеттi болған бҮйрықтарды парыз десе, тиым салынған нәрселердi харам дейдi.

Сол парыздың бiрi — Ораза. Рамазан айында ауыз бекiту әр мҮсылман үшiн парыз. Оның дәлелi Бақара сүресi, 182 аяты.

“Уа, иман келтiргендер! Сiздерден бҮрын өткен қауымдарға ораза парыз етiлгенi секiлдi, сiздерге де парыз етiлдi”.

Ал, Алла елшiсiнен Әбу-Хурайра (Р.А.) мынадай хадис-шәрiф жеткiзедi: “Мубарак Рамазан айы келдi. БҮл айда Аллаһ, сiздерге ораза Үстауды бҮйырды. Осы қасиетттi айда аспанның есiктерi ашылады. Тозақ есiктерi жабылып, Аллаға қарсы келушi шайтандар байланады. Рамазан айында мың айдан қайырлы бiр түн бар. Осы түннiң қадiр-қасиетiн, сауабын пайдалана алмай мақҮрым қалушылар зиянға Үшыраушылар.  (Нәсә-4. Спам: 5).

Бiрде бiр танысым маған: “Алтын жерде шашылып жатыр екен жинап алдым” дедi. Сөзiнiң астарын түсiнбегендiктен мен одан: “Ол неткен алтын” деп сҮрадым. Ол маған: “Биыл пәленбай гектар жерге мақта ектiм. Жиын-терiм заманында ақ алтын терiп, батып қалдым” деп жауап бердi.

Сол кезде маған мынадай ой келдi: Алтын жерде шашылып жатса, ол материалдық байлық.  Ал, рухани байлықтың мәйегi болып табылатын сауап тiлде, көзде, қҮлақта, аяқ-қолда, әр басқан қадамда, әрбiр жҮтып шығарған демде, ауа да, жүректiң соғысында, таза көңiл мен ниетте шашылып жатыр. Тек оны шашпай-төкпей жинап алсақ болғаны.

Осы арада азырақ мына мәселеге тоқталып өтсек. Ораза айында iшiп-жеуден, жыныстық қатынастан тиылып қана қоймай, қҮрметтi оқырман көзiмiзге де ораза Үстатайық. Яғни, көзiмiз жаман iстердi көрмесiн, оны жағымсыз жерлерге қаратпай,  игi iстерге,  таза жерлерге бҮрайық. ҚҮран-Кәрiм, ғибратты оқиғалар мен жақсылыққа үндеген кiтаптардан тағлым алып, түсiнуге, үйренуге Үмтылайық.

ҚҮлағымызға да ораза Үстатайық. БҮл — жаман сөз, өсек-өтiрiк, ғайбат, маңызсыз әңгiмелер, бос сөздер естiртпеу. Оның орнына көркем әңгiмелер, аят-хадистер, дҮрыс әрi әдiлеттi сөздердi естуге Үмтылу.

Тiлiмiзде ораза Үстасын.  Яғни, нақақтан нақақ бiреуге жала жабу, балағаттау, жалған уәде беру сияқты тiл арқылы жасалатын күнәларға жол бермеу керек.

Ардақты ағайын! Барша ағзаларымызға Алла разылығы үшiн ораза Үстатып, сол арқылы көркем мiнезге қол жеткiзейiк.

Шындығында, iшiп-жеуден ғана тиылып, ауызға  ғана ораза Үстатқанымызды Аллаһ қалап тҮрған жоқ. Жаратқан Иемiздiң бiздерге оразаны парыз  етудегi мақсаты бүкiл ағзамызды тәрбиелеу әрi ораза және басқа да парыздарды орындату арқылы адамгершiлiктiң ең жоғары дәрежесiне дейiн жеткiзу. Күнә атаулы iстердiң барлығынан аластату.  Бiздiң қақаған суықта немесе шiлденiң аптап ыстығында аш, сусыз шөлдеп жүргенiмiз, басқа да парыз амалдарын орындап, қиналып жүргенiмiз рахымы мол, мейiрiмдi Аллаһқа керек па? Әрине жоқ! Себебi, ол бiздi жоқтан бар етiп жаратты. Ананың баласына деген махаббатының, Аллаһтың қҮлдарына деген сүйiспеншiлiгiнiң шексiз екендiгiн сездiрдi.

Ораза Үстаудың, намаз оқудың,  зекет берудiң, қҮрбандық шалудың немесе басқа қҮлшылықтардың сыртқы формасы Жаратқанға керек емес, керiсiнше Аллаһқа адамзаттың iшкi жан дүниесiнiң тазалығы, тақуалығы керек.

Аятқа тағы бiр назар аударайықшы:

“Ораза Үстау сiздерге де парыз етiлдi. Әрине сақтанарсыздар деген үмiт бар”. (Бақара с. 182-аят)

“Сақтанарсыздар” — яғни күнә атаулыдан бойыңызды, әрбiр ағзаңызды сақтайсыздар,-деп анық айтылып тҮрған жоқ па?

ҚҮрбандық шалу — мал қҮлшылығы болып табылады. ҚҮрбандық шалуға байланысты Хаж сүресi 37-аятта былай делiнген: “Әсте олардың (қҮрбандыққа шалынған малдардың) еттерi және қандары Аллаһқа Үласпайды. Аллаһқа Үласатыны (керегi) сiздердiң тақуалықтарыңыз”. Себебi, әлемнiң бәрiн жаратқан Аллаһтың ешнәрсеге мҮқтаждығы жоқ.

Тақуалыққа байланысты әз.Пайғамбар МҮхаммедтен (ғ.с.) Әбу -Хурайра (Аллаһ одан разы болсын)мынадай хадис-шәрiф жеткiзедi:“ Һтiрiк айту, ғайбат сөйлеу және жала жабу секiлдi жаман сөздердi, iстердi тастамай ораза Үстаған кiсiнiң iшiп-жеуден ғана тиылуын Аллаһ ешқандай бағаламайды”. (Ибн Мажә, Сиам:21)

ҚҮрметтi түркiстандықтар! Есiгiмiздi қағып келiп қалған Рамазан айы қҮтты болсын!  Рамазан айындағы сауаптар, қадiр-қасиеттер, жақсылықтар шаңырақтарыңызға молынан енсiн.

Рамазан айына қҮрмет көрсетiп, арақ-шараптар iшiлмесiн, сатылмасын, күнә iстер жасалмасын деп тiлейiк. Осындай қасиеттi айда Жаратқан Аллаһқа бет бҮрып, бiр қадам жақындауға бел байлаңыздар. Ауыз бекiтiп, шама жетiп жатса ораза Үстаған жандарға ауыз ашар берiп, бес уақыт және тарауих намаздарын жамағатпен бiрге оқып, пiтiр садақа, зекет берiп жатсақ нҮр үстiне нҮр болмақ.

Жаратқан Аллаһ (Ж.Ж.) барша мҮсылманның оразаға деген ниеттерiн, қҮлшылық-ғибадаттарын қабыл алғай!  Әумин!

Әбдiмәлiк қажы ӘБДIРАХМАН,

“Хилует” орталық мешiтiнiң бас имамы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу