Түркістан ауданы: ИГI БАСТАМА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Рахымы мол, ерекше мейiрiмдi Аллаһтың атымен

Адамзатқа бiлмегенiн үйретiп, шексiз нығметке бөлеген Жаратқан Аллаһқа мадақ. Оның елшiсi әз. Пайғамбар Мұхаммедке (ғ.с.) салауат.

ИГI БАСТАМА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Киелi Түркiстан бүгiнде күннен-күнге гүлденiп, көркеюде. Қаламыздың өсiп-өркендеуiне халқымыз да өз үлестерiн қосуда.

Қасиеттi қаланың  төл перзентi Әлiпбек Шәрiпбекұлы әкiм болып өз жұмысын бастаған күннен бастап көне шаһар жанданып, халықтың көз алдында жаңаруда. Қаламыздың күнделiктi тыныс-тiршiлiгiнiң тамырын тереңiнен бойлатып, қала өмiрiн жаңа арнадан бастаған әкiмнiң осынау игi iстерiне көпшiлiк қауым дән риза.

Жуырда жерлестерiмiз үшiн үлкен жаңалық болды. ҚМДБ-ның бас мүфтиi Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен қалаға бас имам болып Түркiстанның тумасы Әбдiмәлiк қажы Әбдiрахман тағайындалды.

Тiзгiндi өз қолына алған Әбдiмәлiк қажы қала және ауыл мешiттерiнiң имамдарының басын қосып, олардың бiр-бiрлерiмен тығыз байланыста бiрлесiп жҮмыс атқаруларына ұйытқы жасады. Бас имам өзiнiң әрiптестерiн, яғни имамдарды бес уақыт намазға айтылатын азанды барлық мешiт пен намазханаларда бiр мезгiлде айтуға шақырды.

БҮл мәселенi сөз жүзiнде қалдырмай iс жүзiне асыруды көздеген бас имам елу сегiз имамды     маусым айының 11-iншi жұлдызы күнi қаланың сыртына, жазық жерге бастап апарып, барлығы бiрдей күннiң батуын бақылады. Сағаттың тiлi 21.10-ды көрсеткенде күн өз ұясына  кiрдi. Әбдiмәлiк қажының қолында алдын-ала ғаламтор жүйесiнен шығарып алынған Түркiстан қаласы бойынша жасалынған намаз кестесiнiң 7 түрi бар болатын. “Қалымбет ищан” мешiтiнде шам намазын оқып болғаннан соң, имамдар  өз ой-пiкiрлерiн ортаға салды.   Десе де, сол күнгi күннiң батуы намаз уақытының кiруi “muftyat. kz”   сайтындағы Түркiстан қаласы бойынша берiлген намаз кестесiне сәйкес келдi.

Дiн қызметкерлерi бұдан былай жоғарыдағы сайтта көрсетiлген намаз кестесi бойынша  азан айтамыз әрi оның  дҮрыс орындалуын  қадағалаймыз,-деп бәрi бiрдей бiр мәмiлеге келдi. Сонымен қатар, таң намазына белгiленген уақытта  қандай да бiр себеппен азанды айта алмай қалған жағдайда азаншы микрофонсыз  өз дауысымен айтуы тиiс,-деген шешiм қабылдады.

Қаламыздың бас имамы Әбдiмәлiк қажы Әбдiрахман барша жиналған имамдарға өз алғысын шынайы тiлмен жеткiздi.

- Бүгiнгi атқарған iсiмiз сырт көзге ауыз толтырып айтарлықтай шаруа болмауы мүмкiн, дегенмен де бес уақыт намазға бiр мезгiлде азан айту халықтың иманға деген сенiмiн, разылығын тудыруы сөзсiз. Оған қоса, ауызбiршiлiкке, ынтымаққа және т.б. жақсылықтарға жол ашатын берекелi iс болады. Себебi, әр мешiтте әртүрлi уақытта: бiреуiнде ерте, бiреуiнде кеш азан айтылып жатса елдiң еңсесiн түсiрiп, мазасын алады. Бұған баршаңыз куәсiз. Бұдан әрi де халықтың, асыл дiнiмiздiң мүддесi  жолында атқарар қандай да бiр мәселе туындаса бiрлесiп, кеңесе отырып шешiмiн табуға тырысайық,-деген  бас имамның  Рамазан айының ауыз бекiту, ашу кестесiн бiркелкi етiп жасайық деген ұсынысын көпшiлiк құптады.

Бұл жасалынған игi iс ел-жұртымызға, халқымызға көптеген жақсылықтар әкелер деген үмiтке толы сенiммен имамдар тарқасты.

Қала тҮрғындарының, барша дiн қызметкерлерiнiң атынан қаламыздың бас имамының  игiлiкке бастаған бастамасына алғысымызды бiлдiргiмiз келедi.

 Хилуеторталық мешiтiнiң

баспасөз хатшысы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу