Қасиетті Шағбан айының бүгінгі жұмасында мешіт жамағатына орталық «Түлкібас ата» мешітінің бас имамы Бауыржан Оңалбаев «Өз — өзіңе қол жұмсауың (суицид) – тығырықтан шығар жол емес» тақырыбында жұма уағызын өткізді.Тақырып мешіт жамағатын дүр сілкіндіргені соншалықты сұрақ қоюшылар саны жұма намазы біткеннен соңда имамға келіп сұрағын қойып жатты . Бұл мәселе бүгінде ауыл-аудан тұрғындарының ойында жүрген күрделі мәселе болып тұр.Жер-жерде,елде сирек болса да бұл өз-өзіне қол жұмсау кездесіп тұр.Бас имам қиналып жүрген жандар болса мешітке келіп ақыл кеңестерін алып тұруын өтінді.
«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі.
Суретті түсірген. Мұхит Оңалбай.
28.06.2021 жыл.