Жуырда, Шымкент қаласындағы жаңадан ашылған «Облыстық орталық» мешітінің мәжіліс залында аудан, қала, ауыл имамдарды аттестациядан өткізілді. Жалпы, үш күнге созылған шара барысында 130 имамның біліктілігі сыналды.
Сараптауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің меңгершісі Сансызбай Шоқанов арнайы қатысты. Сараптау барысында Құран, тәжуид, усул-фиқһ, Ислам тарихы, ақида негіздері, әкімшілік жүйе мен психологиялық тест арқылы сынақ тапсырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі