Muslim.kz сайты «Қош келдің, Рамазан!» қосымшасын іске қосты

Muslim.kz сайты Қасиетті Рамазан айына байланысты арнайы «Қош келдің, Рамазан!» қосымша бетін ашты. Рамазан айы бойы жұмыс істейтін бұл қосымша бет оқырмандарды барынша пайдалы ақпараттармен қамтамасыз етпек.

Қосымша «Мақалалар», «Жаңалықтар», «Видео», «Сұрақтар» секілді бөлімдерден тұрады. «Сұрақтар» бөлімінде оқырмандарымыз оразаға қатысты көкейдегі кез-келген сұрағына жауап ала алады. «Сағыз шайнау оразаны бұза ма?», «Демікпесі (астма ауруы) бар адам ораза ұстай ма?», «Аузы берік адамға бассейнге түсуге бола ма?» деген секілді басқа да қызықты сұрақтардың жауабын осы қосымша беттен таба аласыз. Бұдан басқа қосымшада Қазақстандағы барлық қалалардың ораза кестесі бар. Кез келген адам өзінің тұратын қаласының ораза кестесін осы қосымшадан жүктей алады алады.

Тағы бір айта кететін дүние – оқырмандар қосымша беттен Рамазан айына байланысты ерекше дизайнмен жасалған әдемі лебізхаттарды өзіне жүктеп алып, ағайын-туыстарын, дос-жарандарын құттықтай алады.

Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінде Рамазан бойы анықтама қызметі жұмыс істейтінін де айта кетейік. Яғни, арнайы дін мамандары азаматтарымыздың кез келген сұрағына телефон арқылы жауап бере алады. Бұл анықтама қызметінің телефон нөмірін де «Қош келдің, Рамазан!» қосымшасынан табасыз.

Қосымша бетке өту үшін мына сілтемені басыңыз немесе бас беттегі «Рамазанға арнайы жоба» банері арқылы кіре аласыз.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу