Ордабасы ауданы: «Рахымы мол Рамазан» атты рухани кеш өтті

Жуырда ауданымыздың мәдениет сарайында «Рахымы мол Рамазан» атты рухани кеш өтті. Кештің қонақтары  Арман Бердалин, Сәт триосы және кештің жүргізушісі «Шаншар» театорының әртісі Ғалымжан Құрманбекұлы болды.

Кешті аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмек, ҚМДБ-ның жастар бөлімі бастығы Сейдулла Исмаилов,және аудан имамы Б.Әшірбай ашып берді.Аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмек алдағы кележатқан Рамазанмен құттықтап жақсы тілектерін айтты. Келесі сөзді ҚМДБ-ның жастар бөлімінің бастығы Сейдолла Исмаилов кешке келген қонақтарға разылығын білдіріп ҚМДБ-ның бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлының діни басқарма жанынан арнайы жастар бөлімін ашып жастармен жұмыс істеу керек екенін яғни жастарға діннің асыл құндылықтарын бойларына сіңдіру үшін ашылғандығын жеткізді.

Кештің жүргізушісі «Шаншар» театорының әртісі Ғалымжан Құрманбекұлы  көрермендерге Рамазан жөнінде біраз жақсы насихаттарын айтып осындай рухани жиындардың жиі-жиі болуын, тойларымыздың халал өтуін өнегелі сөздерімен жеткізді.

Кеш жүргізушісі Ғалымжан Құрманбекұлы Сәт триосын ортаға шақырып, көрермендерге таныстырып,  Аллаһ тағала бұл кісілерге көз жанарын бермесе де, иман берген деп, қаншама кісілер дене мүшелері сау болсада Құдайын ұмытқан, ал бұл кісілерде иман бар деп келесі айтылатын әндерін таныстырды.

Кештің қонағы Арман Бердалин бауырымыз көрермендермен амандасып, залдағы отырған жас балаларға дән риза болып, балалар біздің ертеңіміз деп бір қызық хикая айтып берді. Ертеде Араб елінде бір сексен-тоқсанға келіп қалған қарт қария тал егіп жатқан кезде жанынан бір патша нөкерлерімен өтіп бара жатып, қарияға ақсақал сіз мына талдың жемісін көре алмайсыз ғой оданада сіз үйіңізде дем алып кемпіріңіздің жанында шәй ішіп жатпайсыз ба? дейді. Негізі ол елдің жеміс ағаштары 20-30 жылда енді жеміс бере бастайды екен. Сонда қария балам бұл ағаштың жемісін мен жемесем де, менің немерелерім жейді, өйткені мен де аталарымның еккен ағаштарының жемісін жегенмін дейді. Патша қарияның бұл сөзіне дән риза болып қалтасынан бір қалта алтын беріпті. Сонда қария жымиып күлген екен. Патша неге күлдіңіз дегенде, көрдіңізбе менің еккен ағашым биылдан бастап жемісін беріп жатыр деген екен. Патша қарияға разы болып тағы бір қалта алтын берген екен, қария тағыда жымиып күліпті.Бұл жолы патша тағы да қария неге күлдіңіз деп сұрағанда, жұрттың ағаштары жылына бір рет жеміс берсе, менің еккен ағашым  жылына екі рет жемісін беріп жатыр деген екен. Яғни осы жас балалар осындай рухани ортада өсетін болса ертеңіміз өте жақсы болатынын, еліміздің ертеңгі жемісі деді. Және Рамазан, иман,намаз, тақырыптарында біраз жақсы уағыздар айтты.

Соңынан сонау Көкшетау өңірінен келгеннен кейін домбырамен ән айтып берейін деп, Балхадиша әнін шығу тарихымен түсіндіріп айтып кешті аяқтады.

Кешке жиналған халық рухани азық алып, көңілді шықты.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу