Бас мүфтидің кітабы шықты

Кітап – жан азығы, рухани шамшырақ. Данышпан Абайдың: «Артық білім –кітапта», – деуі сондықтан. Жақсылыққа, ізгілікке шақыратын кітапты жарыққа шығарудың жөні де, сауабы да бөлек. Осы орайда, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Таным тұғыры» атты жаңа кітабы қалың оқырманға жол тартты.

Кітаптың ерекшелегі сол, тілі жатық әрі сенімге селкеу түсіретін сауалдарға нақты жауап жазылған. Ол сүннет жолын ұстанған үмбеттің санасында таcқа басылғандай таңбаланған таным тұғырларын талдап, тұғырлап берген бірегей дүние. Қаншама ғасырлар өтсе де алға қарай ұласуынан жаңылмайтын ұстынды ұстанымдар қазіргі ұрпаққа алдыңғы толқыннан жеткен аманат. Пайғамбарлардан қалған өсиеттердің өзектері. Ендеше намаздың алдында тұратын иман парызының негіздерін нығырлап, мұсылманның ғұмырлық кредосын нақтылап беретін еңбектің игілігін исі мүміннің бәрі көрсе игі, сол арқылы ұмытылған құндылықтарын құнттап, ұлықтай білсе игі. Сонда ғана санада сарсыған талай саулдардың, шайтанның шатастыруынан шыққан шүбә-шәктердің шешімі оп-оңай табылары хақ.
www.muftyat.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу