Шардара ауданы: Шардаралықтар Үндеуге қолдау көрсетуде

Аудан имамы А. Данияров  Шардара қаласындағы бір топ кәсіпкерлермен бас қосып ҚМДБ — ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты ел халқына үндеуімен таныстырып, үндеуге қолдау көрсетіп, халық күнделікті тұтынатын азық — түлік бағалары төмендетілсе, халыққа қызмет етудің барлық түрлеріне жеңілдіктер жасалса, мұқтаж жандарға көңіл бөлуге шақырды.  Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі — қайырымдылық. Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал — мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде — кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» («Тағабұн» сүресі, 16 — 18 — аяттар), — дейді. Дана халықта «Тарығып жеген талқанның дәмі таңдайдан қырық жыл кетпес деген», — қанатты сөз бар. Кездесу барысында қасиетті Рамазан айының құрметіне «Шардара» орталық мешітінде  шілде айының 21 — ші жұлдызында «Қайырымдылық акция» өтетіндігін хабардар етіп, аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Алла тағала разылығы үшін қайырымдылық жасауға шақырды.

Шардара ауданы «Шардара»орталық мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу