Түлкібас ауданы: «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы өтті

22 шілде күні Түлкібас ауданында М.Х.Дулати атындағы айдандық мәдениет сарайында «Рамазан – айлардың қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі» атты аудандық «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы өтті.

2009 жылғы наурыз мерекесі алдында облыс әкімі А.Мырзахметовтың бастамасымен түркі дүниесінің түп қазығы, қазақ даласының қасиетті төрі Түркістан қаласында алғашқы «Ырыс алды – ынтымақ» алқалы жиыны орын алған болатын.

Содан бері қарай жыл сайын облыстың әр аудандарында ұйымдастырылып өткізіліп келе жатқан жиындарға оңтүстік өңірінің әр аудандарынан жиналған зиялы қауым өкілдерімен кездесіп ой бөлісіп келеді. Игі дәстүрге айналып, ізгі мақсат көздеген дәстүрлі жиын бүгінде жалғасын тауып, аудандарда, ауылдарда өткізіліп келе жатыр.

Форумға аудан әкімі Қайрат Аманкелдіұлы Абдуалиев, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы, облыстық орталық мешіттің бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы,  ОҚО ішкі саясат басқармасы Әлеуметтік бастамалар орталығының дінтанушы-маманы Ұ.Алиакбарұлы, Түлкібас ауданының бас имамы Бауыржан Оңалбаев және «Асыл Мұра» өнер орталығы ұжымы қатысты. Сонымен бірге форумға Арыс ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәулеталиев Оразбек, Майлыкент ауылдық округінің биі Бердалиев Оңалбек ақсақалдар қатысты.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу