Шәриғаттағы пітір садақаның үкімі

Аса Қамқор, ерекше мейірімді Алла тағаланың есімімен бастаймын!

Барлық мақтау Алла тағалаға тән және Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), оның отбасына, сахабаларына Хақ тағаланың рахметі болсын!

Пітір садақаны беру біздің мәзһаб бойынша – уәжіп, ал басқаларында парыз. Оның уәжіптігіне дәлел:

عن ابن عمر ما قال:»فرض رسول الله زكاة الفطر من رمضان صاعا من تمر أو صاعا من شعير على العبد الحر والذكر والأنثى والصغير والكبير من المسلمين وأمر بها أن تؤدى قبل خروج الناس إلى الصلاة»

Ибн Омардан жеткен хадисте былай дейді: «Алланың Елшісі Рамазан айында пітір садақасын әр бір мұсылман құл мен азат адамға, ер мен әйелге, үлкен мен кішіге бір сағ құрма немесе арпадан беруді міндеттедіӘрі оны адамдар айт намазына шықпас бұрын өтеуді әмір етті».

Алла тағала пітір садақаны бізге, ұлы һәм зор мақсаттарға жетуіміз үшін міндеттеген. Пітір садақа жағдайы төмен жандарға беріледі. Сонымен қатар пітір садақа адамның ораза кезіндегі жіберген қателері мен кемшіліктерін толтыру үшін беріледі.

روى أبو داود وابن ماجة والحاكم عن ابن عباس رضى الله عنهما قال: «فرض رسول الله صلى الله عليه وسلم زكاة الفطر طهرة للصائم من اللغو والرفث وطعمة للمساكين»

Абу Дауыд Ибн Аббастан (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Алланың Елшісі (с.а.у) пітір садақасын беруді рамазан айындағы ораза кезінде жіберілген қателіктерді тазарту үшін әрі міскіндерге бір той болу үшін міндет еткен», — деген.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Оны берудің уәжіп уақыты айттың бірінші күні. Жалпы пітірді айт күні айт намазына дейін беру – мұстахаб. Сондай-ақ, айт намазына дейін бергені пітір садақа, кейін бергені жәй садақа саналып, пітір садақасын өтеу мойнына қарыз болып қалады.

 

عن ابن عباس (رضى الله عنه) قال: فرض رسول الله (صلى الله عليه وسلم) زكاة الفطر طهرة للصائم من اللغو والرفث وطعمة للمساكين فمن أداها قبل الصلاة فهى زكاة مقبولة ومن أداها بعد الصلاة فهى صدقة من الصدقات)

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадисте: «Алланың Елшісі (с.а.у) пітір садақасын беруді рамазан айындағы ораза кезінде жіберілген қателіктерді тазарту үшін әрі міскіндерге бір той болу үшін міндет еткен. Кімде-кім пітір садақасын (айт) намазынан алдын өтесе, ол бергені (пітір садақасы) болып қабыл етіледі. Ал кім намаздан кейін берсе, ол жәй бір ғана садақа болып қалады», — деген (Ибн Мажаһ 1480).

Пітір садақасы баспанасы, жиһаздары, көлігі, құралдары мен киер киімінен бөлек артық мал-мүлкі бар кез келген азат мұсылманға уәжіп. Оны әрбір адам өзінің, жас балаларының, мұсылман болмаса да қызметші құлдарының атынан шығарады.

Пітір садақа мына нәрселерден беріледі:

Пітір садақаны бидаймен беретін болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Жарты сағ – 1 килә 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (шашамен әр облыстағы бидайдың сатылу бағасына қарай) 1 килә 625 граммның құнын беру керек. Ал құрма, мейіз, арпадан бір сағтың (3,25 кг) құнын береді.

Осыған орай әр облыстағы бидайдың құны әр қалай болғандықтан, оның орташа бағасы есептеле келе, биыл пітір садақаның бағасы жалпы Қазақстан бойынша 150 теңгені құрайды.

Сансызбай ШОҚАНОВ,

ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі

меңгерушісінің орынбасары.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу