Аристанов. У: Мың айдан артық түн

Пайғамбар (с.а.у) Рамазан айы жайлы айтқан бір хадисінде «Бұл басы  рахмет, ортасы мағфират, ахыры тозақ отынан құтылу айы» деген. Сол рахмет он күндігі артта қалып, мағфират он күндігін де өткізіп соңғы тозақ отынан құтылу он күндігіне жақындап келеміз. Рамазанның рахмет және мағфират он күндіктерінде Аллаһ т қадір еткенше, қолымыздан келгенше құлшылық-ғибадаттар, ихсан-садақалар жасаумен өткіздік, Аллаһ т қабыл етсін. Енді амалдарымызды алдыңғыларынан да көбейтіп жасайтын уақыт келе жатыр. Өйткені Рамазан айының санаулы, соңғы он күндігі келе жатыр. Әр бір істі бағалағанда әлбетте ол істің соңына және нәтижесіне қаралады. Мұсылмандардың Рамазан айындағы жасаған құлшылық амалдары да сол күндердегі жасаған істеріне қарап бағаланады. Бұл тозақ отынан құтылу он күндігі келгенде Пайғамбар (с.а.у) да құлшылық ғибадатқа көб көңіл бөлгендігі хадистерде руаят етіледі. Сондай хадистердің бірі Айша (р.а) анамыздан руаят етіледі: «Расулуллох (с.а.у) Рамазан айында басқа айларда құлшылық ғибадат жасауға тырысқаннан артығырақ тырысатын, Рамазан айының соңғы он күндігінде есе басқа күндерден көбірек ғибадат жасайтын» (Имам Муслим руаяты)

     Соңғы он күндіктің және бір абзалдығы ол күндердің ішінде Аллаһ т Құран кәрімдегі «Қадр» сүресінде хабар бергендей мың айдан артық болған «Қадр түні» бар. Бұл түн не үшін «Қадр» деп аталады? Мұның себебі екі түрлі мағынада айтылады.

   Біріншіден: ол түн өте қадірлі, қасиетті болғандықтан. Бұл түннің қаншалықты қасиетті әрі қадрлі екендігін Аллаһ т Құран кәрімде Духан сүресі 2-3 аяттарында баян еткен: «Ашық баян етуші Құранға серт. Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында біз ескертушіміз»    және «Қадр» сүресі 1 аятында «Әлбетте Біз ол (Құран) ды қадр түнінде түсірдік» деп баяндаған. Құран кәрімде баян етілгеніндей «Қадр» түнінде ақ пен қараны ажырататын, тақуалар үшін тура жол көрсететінінде күдік жоқ болған Құран түсірілгендігі.

  Екіншіден: Қадар яғни пенделердің қадарын белгілеу. Өйткені ол қасиетті қадірлі түнде пенделердің бір жылдық яғни келесі жылға дейінгі қадар, тағдырлары белгіленеді. Мұны Аллаһ т Құраны кәрімдегі духан сүресі 4 аятында: «Ол кеште барлық хикметті істер айрылады» — деген. Мушкатул анвор деген кітапта «Бұл түнде әр бір жаратылыстар үшін осы жылдың рызқы мен ажалы белгіленуі үкім етіледі»- деп түсіндірілген.

   Әрбір ұлттың, халықтардың, діндердің ұлы күндері, дәстүрлері жәнеде басқада себептермен өткізілетін мейрамдары бар. Олар ол күндерді жеп-ішу, ойнап-күлумен, түрлі күнә істерді істеумен өткізетіндігі ақиқат. Исламда ұлы күндер өзіне лайықты түрде өткізіледі. Сондай атап өтілетін мейрамдардың бірі «Қадр түні». Бұл түн қалбті пәктейтін, Аллаһ т-ға жақындататын амалдарды жасаумен түнді ұйқысыз ғибадатпен өткізетін түн. Ұйқысыз өткізу керек екен деп бір жерге жиналып алып не ғибадат жоқ, не Құран оқу жоқ, не білім отырысы болмаса, не дуға тілек жасалмаса ондай отыруда жақсылық, береке, сауап жоқ. Жәнеде халқымыздың арасында кең таралып кеткен түсініктерден сол түнде «Қыдыр ата» келер екен кім амандасса, көріссе жақсылық болар екен деген немесе бір құс ұшар екен соны көрген адам бақытқа кенелер екен дегендей түсініктер бар. Мұның баршасы қате түсініктер. Ө­йткені Аллаһ т Құран кәрімде Қадр сүресі 3 аятында «Қадр түні мың айдан хайырлы» деген. Бұл түнде Құран кәрім түсірілген және бұл түндегі жасалған құлшылық, ғибадат басқа уақыттағы мың айда жасалған құлшылық, ғибадаттан абзал екендігі ескертілген. Себебі ол түнде шын иман ықыласпен құлшылық ғибадат жасаған адамның өткен күнәлары кешірілетіндігін Пайғамбар (с.а.у) хадистерінде айтып өткен. Сондай хадистерінің бірінде «Кім Лайлатул Қадр түнін иманмен және сауап үміт еткен халде ұйқысыз өткізсе, оның барша күнәлары кешіріледі» деген. Абу Хурайра (р.а) жеткен басқа бір хадисте «Кім Лайлатул Қадрді иман және ықыласпен қойм болып өткізсе, оның өткен күнәлары мағфират етіледі (кешіріледі)» деген.(Бесеуі руаят еткен.)

Сондықтан ол түнді құлшылық ғибадатпен, Құран оқумен,  білім жиылыстарын, күнәларымыздың кешірілуін, ағайын-туыстардың, халықтың ауызбіршілігін, еліміздің тыныштығын сұрап дуға жасаумен өткізейік ағайын.

  «Қадр түні» қайсы түнде болатындығы жайлы түрлі пікірлер білдірілген. Айша (р.а) анамыздан жеткізілген хадисте: «Пайғамбар (с.а.у) Рамазанның соңғы он күнінде эътикоф отыратын еді және «Лайлатул Қадрді Рамазанның соңғы он күнінен іздеңдер» деп айтатын» (Екі Шайх және Термизи руаят еткен) және басқа бір хадисінде  «Қадр түнін ақырғы он күндіктің тақ түндерінен іздеңдер» деген. Оның қайсы түнде екендігі жайлы түрлі пікірлер болса да Рамазанның 26-шы күнінен 27-шы күніне өтер түнде екендігі жайлы хабарлар көбірек келген Муавия ибн Абу Суфян (р.а) жеткізген хадисте: «Пайғамбар (с.а.у) «Лайлатул Қадр 27 түнде» деп айтқан» (Абу Дәуіт және Ахмад рйаят еткен)

  Биылғы жылы Рамазанның 26 нан 27 өтер түн «Қадр түні» Тамыздың 3 нен 4 не өтер түнге тура келуде. Сол түнді баршамыз иман-ықыласпен сауабын Аллаһ т күткен халде құлшылық ғибадатта, Құран оқумен, білім мәжілістерін құрумен өткізейік ағайын. Аллаһ т баршамыздың ұстаған оразаларымызды, жасап жатқан құлшылық ғибадаттарымызды қабыл етсін. Әмин!

Келес өңірі «Ешан баба» мешіті бас имамы: Аристанов. У

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу