Төлеби ауданы: Рамазан айын тиімді өткізудің жолдары

Міне, берекелі Рамазан айының орташа шеніне де келіп қалдық. Бұл айдың берекесіне бөленудің жолын іздеген адам баласы түрлі шаралар ұйымдастырып, Аллаға жақындау үшін ештеңеден аянып қалып жатқан жоқ. Осындай амал-шаралардың бірі Төлеби ауданында жүйелі түрде орын алып отыр. Төлеби ауданындағы екі мешітте, атап айтқанда Төлеби аудандық «Нұр» мешіті мен Әлішер Науай ауылындағы «Шахи- Мансур» мешіттерінде Тарауих намазы қатым Құранмен оқылып жатыр. Сондай-ақ «Нұр» мешітінде, мешіт жамағатының Ислам жайлы білімдерін дамыту мақсатында Тарауих намазының 12 рәкатын оқып болғаннан кейін Ислам тарихы, ғибадат, ақида, сияр тақырыптарына байланысты түрлі сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге мешіт тарапынан арнайы сыйлық тағайындалды. Дәл осындай іс-шараның ұйымдастырылғанына мешіт жамағатының ризашылықтары шексіз екендіктері күн сайынғы сұрақ кезіндегі ізденістерінен айқын байқалуда. Мешіт жамағатының Ислами білім деңгейінің көтерілуі, бір жағынан жат ағымдардың жетегінде кетпеуіне әрі Ислам дінінің таралуына үлкен септігін тигізері айқын. Алла Рамазан айында орындаған құлшылық амалдарымызды қабыл етіп, разылығына бөлене бергейсіздер! Әмин!

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі     

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу