«Нұрқожаұлы Құлпатша» мешіті

«Нұрқожаұлы Құлпатша» мешіті Мақтарал ауданы Жылысу ауылдық әкімшілігі Мырзашоқы ауылында орналасқан. Мешіт 2000 жылы ауыл тұрғыны Құлпатшаұлы Бекботаның ағамыздың демеушілігімен салынған.    Мешіттің аумағы 18 сотық. Мешіт айналасына 50 түп роза гүлдері, 20 түп терек, 30 түп алма, өрік, алмұрт жеміс ағаштары отырғызылған. Жеміс ағаштары арасына жоңышқа себіліп көгалдандырылған тірі гүлдер егілген.    Мешіт айналасындағы адам жүретін жолдарға тас кілемдер төселген.   Ауласы толығымен өрнектеліп жасалған темір қоршаумен қоршалып, екі жерінен мешітке кіру үшін қақпа орнатылған. Мешітте бір мезгілде 200 адам намаз оқи алады. Қабырғада намаз уақыттарын көрсететін уақыт белгілері ілінген.  Мешіт алдында имандылық айнасы оранатылған. Еденіне кілемдер төселген. Мешіттің батыс жағына мінбер орантылған. Мешіттің төбесіне михраб   4 жерден бес ламполчкалық люстралар ілінген. Мешітке 8 терезе салынған. Мешіт жанынан сауат ашу курсы ашылған. Мешітте жылу беретін пеш қазандығы орнатылған. Ғимараттың 11, ені 13,80, биіктігі  5метр, күмбезінің биіктігі 5метр.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: 

Пікір жазу