Ордабасы ауданы: Рамазан айындағы игі істер

Үлкенге үлгі көрсеткен текті қазақтың ұрпағымыз. Сол қалыптан жаңылмаған ағаларымыз Ордабасы аудандық «Дәулеталыұлы Бегалы ата» мешітіне келіп жамағатқа ауызашар берді. Бастаманы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Сағынбеков Болат бастап, ізін ала қаржы полиция қызметкерлерін бастап Жүнісов Ержан ағада келіп, сауапты іске болысты. Ауызашар барысында ауданымыздың бас имамы Б.Әшірбай сөз алып, жұртшылыққты қасиетті Рамазан айымен құттықтап былай деді:

Бір замандары азанды жасырын шақырып, намазды тығыла оқып жатқан уақытты көрдік. Аллаһқа шүкір ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздік бізге нәсіп болды. Ендеше азат елдің ертеңі тәрттіпен алған білімді жас ұрпақ. Жас ұрпақтың тәрбиесі мына біз орта буын жауаптымыз. Жаңа жыл мен тағы басқа мейрамдар келе қалса атап өтуге дайын тұрамыз. Ал сауабы мен сауқаты қатар келетін ауызашарға келгенде кішкене тұралап қалатынымыз бар. Аллаһтың разылығын іздеген осы бастамаларыңыз өзге мекеме басшыларына үлгі болғай:-деп ойын аяқтады. Имамнан кейін сөз алған Ержан аға:

Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Кешегі өткен аптада сіздердің ауылдарыңызға көшіп келген жайымыз бар. Алдағы таңда үш ауданның орталығы осында болады:-дей келе қариялардан бата сұрады. Жиын соңында қазыналы қарттарымыз бата қылысып, әруақтарға құран бағыштап, істеріне береке тіледі.

Орталық аурухананың және қаржы полициясының  ауыз-ашары

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу