Қаттани мешіті: Дінбасының үндеуі Шымкент қаласының кәсіпкерлері тарапынан қолдау тапты

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Маямеров хазреттің Қазақстан халқына үндеуі жергілікті газет-жүрналдар мен теледидар беттерінде жарияланған болатын. Дінбасымыздың осы бір үндеуі бұл жолы Шымкент қаласының бір қатар кәсіпкерлері тарапынан қолдау тауып келеді. Соның бір айғағы ретінде игі істің бастамасын Шымкент қаласында орналасқан «ДЕФИЛЕ» атты киім-кешек дүкенінің басшысы Нурманов Бахытбек Ералиевич және жұбайы Нурманова Патима Октановна есімді аға-апкелеріміз 12 айдың сұлтаны болған Рамазан айының құрметіне байланысты тауарларда 50 % жеңілдіктер жасап, сауапты игі істерде өзін алғашқылардың қатарынан көрсете білді.

Дүкен қала бойынша бірнеше бөлімшелері мен халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Атап айтар болсақ, Д.Қонаев даңғылы н/з, Ғ.Иляев көшесі №4, Республика даңғылы №2, ЦУМ, 2-қабат, 238-бутик, оң жақ қанаты, Гипер Хаус сауда орталығы 3-қабат, 318-бутик.

Дүкен басшылығы ҚМДБ қызметкерлерінің Рамазан айындағы еңбегіне шексіз алғысын білдірді. Дүкен басшылығының осындай ел-жұрттың игілігіне жасап жатқан қайырлы ісіне ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы өкілдігі атынан Шымкент қалалық «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы Ербосын Орын сәттілік тілей отырып, алғысын білдірді.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу