Облыс имамы: Айт мүбәрәк болсын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы

Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің айт мерекесімен құттықтауы

 

 

Мейірімді, рахымды Аллаһтың атымен бастаймын!

Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Қадірлі жерлестер!

 

            Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан айы — айлардың сұлтаны. Бұл айда мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәреден күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады. Рамазан сөзі «күйдіру, өшіру» деген. Яғни, өткен күнәларды күйдіріп, өшіруші деген мағына білдіреді.

Хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадис-шәріпінде: «Рамазан айында бір жақсы іс жасаған адамға Алла тағала басқа айларда парыз істі орындағанның сауабын береді. Ал парызды орындағанға басқа айларда жетпіс парыздың сауабын жазады» және     «Жәннатта сегіз есік бар. Оның бiр есiгінің аты – Райиан. Қиямет күнiнде ол есiктен тек ораза ұстағандар ғана кiредi. «Ораза ұстағандар кірсін», – дегенде, олар есiктен кiргiзiледi. Соңынан есiк жабылады. Олардан кейiн ол есiктен ешкiм кiргiзiлмейдi», – деген. Пайғамбарымыз хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.): «Үш адамның дұғасын Алла тағала кері қайтармайды. Яғни, үш кісінің тілегі Алла құзырында қабыл болады. Олар:

  1. 1.      Ата-ананың перзенті үшін жасаған тілегі, дұғасы;
  2. 2.      Ораза ұстаған адамның тілегі;
  3. 3.      Жолаушының тілегі

Бұл айда барша мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәресінен күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады.

Ораза ұстаған адам Құдайға жақын болады. Сабырлық, мейірімділік, қанағатшылдық сияқты қасиеттерге бой ұсынады.

Сүйікті пайғамбарамыз Мұхаммед саллаллаһу алайхи уассалам былай айтқан:  «Кімде-кім ораза тұтса және Аллаһ разылығы үшін шын ықыласымен тарауих намазын оқыса, Аллаһ тағала оның тіршіліктегі күнәларын кешіреді және не тілеген болса тілектері қайтарылмайды»,- деген болатын.

Сондай-ақ,  мүбарак айда облыс көлемінде «Мейір» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі 3550  астам отбасыға көмек көрсетілді. Осы қайырымдылық шарасы аясында құл ұшын созған барша азаматтарға Алла разы болсын!

ОҚО аумағында  2013 жылдың 8-тамыз күні қасиетті Ораза айт намазы облысқа қарасты аудандық, қалалық, ауылдық мешіттерде сағат: 07:15-те оқылады.

Қасиетті Рамазан айындағы  барлық жақсылықтарды Аллаһ тағала баршаларыңызға нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Айт мерекесі құтты болып, тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын! Әмин!

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу