Қалалық аялдамларда Бас мүфти Үндеуі насихаттталды

                 Қасиетті Рамазан ай бойы Шымкент қаласы «әл-Біләл» мешітінің бас имам Талғат қажы Әсембайдың ұйымдастыруымен қалалық әкімдікпен бірлесіп қала көшелеріндегі аялдамаларда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ел халқына жолдаған үндеуін үлкен форматта ілініп, жарнамаланып, насихатталды.

              Сондай-ақ, аялдамалар мен автовустарда үндеу мәтіні мен «Ораза тұту» кестесі ілінді. Мешіттердің  халықтың  алдында  дәрежесін  жоғарлату  мақсатында, мешіттің  алдынғы  беткейінде  (фасадында) түнде  жарқырайтын  мешіттің  аты  жазылған  тақтайшамен,  Аллаһ Тағаланың  есімімен,  Мұхаммед (с.а.с.) аты  жазылған қораптар (лайтбокстар)  ілінді.

                 Жалпы, бұл мешіт қаладағы ең үлгілі мешіттердің бірі болып саналады. Білікті басшы һәм имам Талғат қажының ұйымдастырумен мешіттің жылыу жүйесі мен дәретханасы жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Мешіттің есік-терезелері  пластикалық үлгіден орнатылды. Сонымен қатар, мешіттің шатырын мен күмбезі жаңартылды.

                 Осы мешіттің қызметкерлері наиб имам  Қасымбеков Нұржан, ұстаз  Ерменбаев Руслан, азаншы Бөртебаев  Кенесбектерге Алла разы болсын!

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу