Ордабасы ауданы: Берген Исаханов ауылы «Береке» мешітінде көшпелі семинар өтті

Ағымдағы жылдың 19-тамыз күні Ордабасы ауданы Берген Исаханов ауылы «Береке»  мешітінде аудан молдаларының көшпелі семинары болып өтті. Семинарды аудан имамы Б.Әшірбай ашты

КҮН ТӘРТІБІНДЕ

  Ордабасы ауданының бас имамы Б.Әшірбай ауыл имамдарына бірқатар тапсырмалар беріп уағыз айтты. Ауыл имамдары өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын ауданымыздың бас имамына қойып, пікір алмасты. Аудан имамының берген тапсырмалары

  1. Мешіттердің айналасын таза ұстау, шөптерін шабу.
  2. Әжетханаларын таза ұстау.
  3. Мешіт сыртына өрт сөндіргіш құралдарын іліп қою
  4. Намазды имамдардың өздері өтуі

Семинар соңынан мешіт ауласында жиналған имамдарға дастархан жайылып, ас берілді. Өткен семинарда ауданымыздың кураторы Мұхамеджан Естеміров «Ордабасы» мешітінің имамы Керімбек Айдосқа неке тақырыбында тапсырма берген болатын. Сол тапсырманы Керімбек Айдос дастархан басында имамдарға, жазбаша түрін таратып, және оқып берді. Келесі семинарда осы «Береке» мешітінің имамы Рахметәліге еркін тақырыпта лекция оқуын тапсырды. Ауданымыздың кураторы Мұхамеджан Естеміров Ордабасы ауданы аудандардың ішіндегі алдыңғы қатарда екенін айтып құттықтады. Соңынан аруақтарға құран бағышталды.

Ордабасы аудандық «Д.Бегалы ата»

Мешітінің бас имамы                                                                    Б.Әшірбай

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу