Қазығұрт ауданы: Қазығұртта 300 орындық мешіт ашылды

Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауыл әкімідігіне қарасты Алтынтөбе елді мекенінде Байсүгір баба мешітінің ашылу салтанаты болып өтті. «Жұртым деген ері болмаса, елім деген ері қайдан болсын»   Төлтебаев Сәдібек азаматтық танытып өз қаржысына  салып ел игілігіне беріп отыр. Бұл  ауылдың шырайын кіргізетін зәулім мешіттің қабырғаларын көтеру үшін  Қарезм шаһарынан арнайы кірпіштер алынған болатын. Төлтебаев Сәдібектің  айтуына қарағанда ауылдағы ескі мешітке 100 адамнан басқа симайтыны мені қатты толғандырды содан соң осындай Алланың үйін салуға бел будым дейді. Жаңа салынған бұл мешітке бір кезеңде 300 ден аса намазхандар саждеге бас қояды. Алматы қаласынан келген Алғашқы Қазақтың ұлттық валютасы теңгесінің авторынынң бірі Хайрулла Ғабжалилов бұл қайрымдылық іске құптарлық танытып отыр.

   Ашылу салтанатына ОҚО өкіл имам орынбасары Мухамеджан Естеміров, аудан имамы Еркін Полатовтар қатысты. Мереке басын құран аяттарын оқумен өкіл имам орынбасары ашты. Соң сөз сөйлеп, облыс өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің ыстық ықыласын жеткізіп, Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлының Назарбаевтың демеушілігімен халыққа сыйлық ретінде шығарған «Құран кәрім және қазақша аудармасы» кітабын және мешіттің құжаттарын мешіт имамы Қастаев Барлыбайға табыстады. Мешіт ел игіліне қызмет жасап, жамағат құлшылықтарын орындап, жастарымыз имандылыққа баулып, түрлі қылмыстардан сақтануға өз жемісін береді деп сенеміз.

 

                                           

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу