Қазығұрт ауданы: Ауыл имамдарының бір күндік діни семинары

Қазығұрт ауданында орталық «Мұсылмандар» мешітінде ауыл имамдарының бір күндік діни семинары болып өтті. Семинарды ҚМДБ ының Шариат және патуа бөлім меңгерушісінің орынбасары Сансызбай қажы Шоханов жүргізді. Діни семинарда «Діни экстремизм және терроризмді алдын алу» мақсатында имамдар сабақ алды. Сабақ ақида пәнінде өтті. Сабақ кітапшалары семинарға қатысушы имамдарға тегін таратылды. Сондай ақ семинарда Облыс өкіл имам орынбасарлары  Сүлейменов Орынбасар және Естеміров Мұхаммеджан, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Абай Серкебаев,  БАҚ қатысты. «Қазақстан Шымкент» телеканал тілшісі Сапарбек Қалботаевқа Ұстаз  Сансызбай қажы Шоханов семинардың мәні мен мақсатын түсіндіріп сұхбат берді. Семинар жоғары деңгейде өтіп, ауыл имамдарының білімдерін көтеру мақсатында бұл игі істі басшылыққа алып ұйымдастырған ҚМДБ ының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретке ризашылықтарын білдірді. Ұстаз  Сансызбай қажы Шоханов аудандық орталық мешіттің оң жұмыстарымен танысып, аудан имамы Еркін Полатовқа алғысын білдіріп, имамдардың біліміне аса мән беріп, жіберілген ақпараттық оқу құралдарын арнайы ақ параққа беттеп дайындап жіберіп отыруды тапсырды. Аудандық орталық мешітте Аллаға шүкір оған мүмкіндік жеткілікті. Алла қаласа семинар жұмысы алдағы уақытта жалғасын табады. Бұндай  діни семинарлар имамдарға қажет.  Өйткені қәзіргі таңда шеттен келген ағымдарға қарсы жауап беру үшін де білім болуы керек. Және мұсылман жамағатына дұрыс жол көрсету де керек.

Аудандық орталық мешіт.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу