Бүгін Шымкент қаласында «TECHx Shymkent 2013» басқосуы басталды

Бүгін Шымкент қаласында «TECHx Shymkent 2013» басқосуы басталды. Маңыздылығы өте жоғары іс-шара деп ойлаймын. Қатысушыларға сәттілік тілеймін! Жақында «Жебе» газетіне берген сұхбатымда осы конференцияның пайдасы туралы айтқан болатынмын.

Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин мырза ақпан айының соңында отандық медиа нарықтағы кемшіліктерді ашық айтып, ақпарат құралдарының басшыларына біраз тапсырма берген едi. Осы тапсырманың бір парасы ретінде белсенді блогерлермен жұмыс жасау керек болатын. Шымкентте наурызда «Блогқұрылтай 2013» шарасын өткізу арқылы Марат Тәжиннің тапсырмасын облыс әкімдерінің ішінде Асқар Исабекұлы бірінші болып орындады. Ендi мiне, бүгiн Шымкент қаласында «TECHx Shymkent 2013» деген ақпараттық технологиялардың негізгі салаларын қамтитын конференция өтiп жатыр. Бұның мақсаты: Ақпараттық Технология мамандары, блоггерлер, мемлекеттік тілде контент жасаушылар, жаңа өнімдерді ұсынушылардың өзара тәжірибе алмасуына сеп тигізіп, Отандық ІТ саласының дамуына ықпал ету. Ұйымдастырушылар ОҚО және Шымкент қаласының әкімдігі мен «AppleSin Company». Конференция жұмысына қала әкiмi Дархан Сатыбалды мырза қатысады деп күтiлуде.
Тағы да конференцияға жер-жерден келген қатысушыларға қош келдiңiздер дей отырып, жиынның сәттi өтуiне тiлектестiк бiлдiремiн!

Мәтін Берік Уәлидің фэйсбуктегі жеке парақшасынан алынды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу