Түлкібас ауданы: «Қариясы бар ауылдың — қазынасы бар»

Түлкібас ауданының ең көрікті жеріне орналасқан Майтөбе ауылы табиғаты шұрайлы жерге орналасқан.Аудандағы адам саны көп орналасқан елді мекен.

Ауыл орталығындағы мешітке қызмет еткен имамдарға шамасына қарай жәрдем беріп, жамағат қариялар мешітке жанашырлық танытып барлық жүкті мешіт имамына артпай,өз үйінің тірлігі сияқты қызмет етті.

Мешіт өз жұмысын жүргізіп,халыққа қызмет етіп келгелі бері бес уақыт намаз оқып келе жатқан мешіт жамағатары Бұралқиев Тынай,Тұрлыбаев Тұрлыбек,Мамыров Жұман ақсақалдар өз кезегінде елге сөзі өтетін сыйлы азаматтар. Күні бүгінге дейін қариялардың батасын алып,аллаһ үйіне жәрдем беріп жүрген ауыл азаматтары жетерлік. Қазір мешіттің бүкіл есік –терезесі заманауи үлгіде ауыстырылып , күрделі  жөндеуден  өткізіліп , еденіне жаңа үлгіде жылу жүргізілді. Мешіт қасындағы қосалқы шағын ғимараттар жөндеуден өткізіліп ел игілігіне қызмет етіп келеді.Ауыл қариялары ұйымдасқан түрде жергілікті халыққа үндеу тастап,ауыл сыртындағы мазаратты қоршап,арнайы құран оқитын баспана тұрғызды.

Бүгінгі күні ақсақал-қариялар мешітке демеуші азаматтарды шақырып құдайы беріп,құран оқытып,азаматтарға батасын берді.Аудандық орталық мешіттің бас имамы Бауыржан Оңалбаев бұл азаматтарға өз алғысын білдірді.

«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген:Бауыржан Әзиз.

22.09.2021 жыл

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу