Бас мүфти кездесу өткізді

Бүгін Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезді хатшылығының ХІІ отырысы  болып өтті. Жер жүзіндегі түрлі дін өкілдерінің басын бұл шара әлемдік тұрақтылық пен ынтамақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосары сөзсіз.

Айтулы шараға алыс аймақтардан ат терлетіп келген дін өкілдерімен  еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы кездесу ұйымдастырып, өзара пікір алмасты. «Әзірет Сұлтан» мешітінде бас қосқан бұл кездесуге Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Аллашүкір Паше-Заде мен Иран Ислам республикасының білім және философия кеңесінің төрағасы Абдулхұсейін Хосропанах келді. Келген қонақтарды мешіт ұжымы Орталық Азиядағы айтулы құлшылық үйімен таныстырып, қазақ халқына тән қонақжайлылық танытты.

Асыл дініміз исламның өркендеп-көркеюіне, сондай-ақ  бауырлас елдердің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлікте болу тақырыбында өткен кездесудің олар үшін орны бөлек болды. Құдай үйінен қасиетті Құран Кәрімді сыйға алып қонақтардың қуанышы жүздерінен байқалып-ақ тұрды.

muslim.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу