Мысырдың экс мүфтиі «Әзірет Сұлтан» мешітінде

Мысыр елінің бұрынғы бас мүфтиі бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде қонақта болды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына келген атақты ғалым арнайы түрде ат басын бұрып, айтулы мешітті аралап шықты.

Мешіт имамдарымен мәжіліс құрған Әли Жұма қазіргі ислам дінінің өзекті мәселелері жайлы сөз қозғап, пікір бөлісті. Қазіргі кезде елімізде, сондай-ақ бүкіл әлемде орын алып жатқан жағдайлар жайлы түсініктеме бере кеткен дін ғылымдары докторының сөздері таспаға жазылып алынды.

Кездесу барысында Әли Жұма мешітіміздің веб-порталы muslim.kz сайтының редакциясында болып,  сұхбат берді. Сондай-ақ, дәрісханалар мен құлшылық орынын асықпай аралаған ол «Әзірет Сұлтан» мешіті жайында жылы лебізін арнауды да ұмытпады.

Кездесу барысында түсірілген суреттерді  мына сілтемесі бойынша көре аласыздар!

 

muslim.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу