Аристанов У: «Үнемдеу береке кепілі»

Аллаһ т дүниедегі бар жаратылысты өз өлшеуімен жаратқан болып, ондағы бірер нәрсе де бостан-босқа және де артықша жаратылған емес. Сол жаратылыстың ішіндегі ең ұлысы, ардақтысы – адамзат. Басқа бар нәрсені Аллаһ т адамзат үшін жаратқан. Бұл адамзат үшін үлкен нығмет. Ислам тәлімі адамзатқа өзі үшін жаратылған нығметтерді ақылмен және өз орнында пайдалану жолдарын көрсетіп берген.  Адамзат өзі үшін жаратылған нығметтерді  Аллаһ т көрсеткен жолда, үнемдеу арқылы пайдалануы және де шүкіршілігін жасап екі дүние бақытына жеткізетін жолда жүру, әрекет ету керек. Көрсетілген жолда жүрсе туралықта жүрген болады. Оның тескерісі болса, онда ол адасушылықта болып жасаған ісі  — ысырапкершілік деп аталады.

    Қасиетті Ислам дінінде адамзатты ысыраптың барлық түрінен қайтарған болып оны Құран кәрімнің Ал-Исра сүресі 26 аятында  «Ысырапкершілікке жол қоймаңдар» деп бұйырған. Ысырапкершіліктің соңынан келетін зияндары мен жамандықтарынан да хабар берген аятында Аллаһ т айтады: «Өйткені ысырап етушілер шайтандардың достары болған адамдар. Шайтан болса Раббысына мүлдем кәпір болған» (Ал-Исра 27) деп ысырап етушілер лағнеттеліп қуылған шайтанның досы екенін ескерткен. Сондықтан аяттың мазмұнынан алып айтқанда бір ойлап көрейік ағайын кімге дос болып жатырмыз, біліп-білмей ысырап жасаумен шайтанға дос болып қалып жатқан жоқпыз ба?

  Аллаһ т Құран кәрім аяттарында өте сараң да керісінше өте ысырапқа да жол бермеуге бұл екеуінің ортасын ұстану керектігін ескертеді. Сондай аяттардың бірінде: «(Сараңдықпен) қолыңызды мойныңызға байлап та алмаңыз. Ысырапкершілікпен оны бүтіндей жазып та жібермеңіз. Керісінше жағдайда сөгіс және өкініште қаларсыз» деген. (Ал-Исра. 29). Жәнеде Ағраф сүресі 31 аятында: «(Қалағандарыңша) жеп-іше беріңдер, тек қана ысырап етпеңдер. Өйткені ол ысырап етушілерді сүймейді» деген. Бұл аятта жеп-ішу күнә емес екендігін керісінше ысырап ету күнә екенін сол ысырап етушілерді Аллаһ т жақсы көрмейтіндігін ескерткен.

    Пайғамбар с.а.у ысырап жайлы жайлы айтқан хадистерінің бірінде: «Аллаһтың нығметтерінен жеп ішіңдер, садақа жасаңдар, киініп-жасаныңдар бірақ ысырапкершілік және менмендікке жол қоймаңдар» деген. (Ахмад, Насаи, ибн Можа руаяты).

    Аллаһ т берген нығметтердің шүкіршілігін жасап, ақылдылықпен, үнемдеп , өз орнында жұмсау адамды көздеген мақсатына қарай жетектесе, ысырап ету, үнемдемеу адамды кембағалдыққа, қорлыққа соңында адамдарға қол жайып тілемшілік жасауға жетелейді. Пайғамбар с.а.у бір хадисінде үнемдеп іс алып барған адам кембағалдық көрмейтінін ескертіп «Үнемдеген адам кембағалдық көрмес, кеңескен адам өкініште қалмас» деген. (Имам Ахмад руаяты)

    Аллаһ т пенделерін бұл дүниенің сәні болып, өмірлерін көркем сүретте өткізуіне себеп болған мал-мүлк тізгінін әр кімге де сеніп тапсыру мүмкін емес екенін ескерткен аят каримасында: «(Қол астарыңдағы) ақылсыздарға (яғни жас, надан жетімдерге) Аллаһ т сендерге (олардың) тұрмыс (кешу) несібесі етіп қойған малдарыңды (яғни қолдарыңдағы олардың малдарын) беріп қоймаңдар керісінше оларды сол малдардан қоректендіріп киіндіріңдер және оларға жақсы сөздермен мәміле етіңдер» деген. (Ниса 5)

  Баршаға аян Аллаһ т нығмет етіп берген, өмірдің сәні болған мал-дәулет өз — өзінен, оңайлықпен келмейді. Оның үшін тоқтаусыз пейнет жасау керек. Бірақ кейбір адамдар пешене терін төгіп тапқан мал – дәулетін орынсыз орындарға жұмсау, ысырапкершілікке жол қойғаны, үнемдемегендігінің арқасында қиын жағдайға түсіп қалады. Сондай қиын жағдайға түсіп қалмау үшін мал-дәулеттен әлбетте сұралатынын есте сақтап, оны жұмсауда Аллаһ т тақуа етіп, жақсылық жолда жұмсалса сол мал-дәулетте қайыр-жақсылық бар екендігін естен шығармайық.

Абу Бакр р.а «Аллаһ т разылығы үшін жұмсалмаған байлықта қайыр жақсылық жоқ» деп қанша мал-дәулет болса да оны Аллаһ т разылығы үшін жұмсалмаса қайыр-жақсылық, береке жоқ екенін айтып өткен.

   Али р.а «Кімге жақсылық жасасаң оның әмірі, кімнен сұрасаң оның тұтқыны, кімге мұқтаж болмасаң, оның сүйеніші боласың» деген. Яғни егер кімнің қолында мал дүниесі болса оны ысырап етіп жіберсе бір күні келіп мұқтаждықта біреуден бір нәрсе сұраса оның тұтқынына айналады. Одан алған нәрсесі орнына оның қандай болса да жұмысын орындауға мәжбүр болып қалады. Біреудің қолына қарап, оған мұқтаж, оның тұтқыны соңында оның қолшоқпары болып қалмау үшін өзінің қолындағы мал-дәулеттен үнемдеу арқылы және оны тура жолмен арттыру әрекетінде болу керек. Бұл жайлы Имам Ағзам р.а ұлы Хаммадқа айтқан насихатында: «Басқаларға мұқтаж болып қалмауың үшін мал-дәулетіңмен саудагерлікпен пайдалан» деген.

     Жоғарыдағы аят – хадистерден келіп шығып Аллаһ т нәсіп еткен мал – дәулетті пайдаланған, эхсан жасаған уақытта  дүние және ахырет үшін пайдалы болған жолда үнемдеп істету керектігін түсінеміз. Мұны Аллаһ т Құран кәрімнің Фұрқан сүресінде Рахманның сүйікті пенделерінің мақталған жақсы сипаттары санап өтілген аяттырының бірінде: «Олар мал сарып қылғанда, ысырап та қылмай, сараңдық та істемей, осы орталықта тұрады» деген. (Фурқан 67)

  Аллаһ т сүйікті пенделерінің қатарында болып, өзінің разышылығы үшін, екі дүниенің бақытына жеткеретін амалдарды жасап, кембағалдық көрмес үшін үнемдеумен жұмыс алып баратын, өкініште болмас үшін кеңеспен жұмыс істейтін адамдардың қатарында болайық. Аллаһ т сүймейтін және де шайтанның достары қатарына қосып қоятын сипаттардың бірі ысырапкершілікке жол бермейік ағайын.

Келес өңірі «Ешан баба» мешіті бас имамы:   Аристанов У.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу