Бас мүфти жайлы «Ғибратнама» кітабының тұсауы кесілді

Үстіміздегі жылдың 03 қазан күні, сағат 10.30-да «ОҚ Облыстық орталық»  мешітінің мәжіліс залында  діни қайраткер, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің түрлі деңгейдегі кездесулер мен жиындарда айтқан қанатты һәм ғибратты сөздері жинақталған  «Ғибратнама»  кітабының тұсау кесер рәсімі өткізілді.

Кітап бірнеше тақыптарға бөлінген, онда  тәуелсіздіктің қадірі-қасиеттері, жастар тәрбиесі, салт-дәстүрді берік ұстану, дін қызметкерінің міндеті, тіл, білім, тарих, көп ұлтты халықтың ынтымағы мен бірлігі т.б, тақырыптар қамтылған.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты діни жұмыстармен өзара астастыра білудің үлкен қажыр-қайратты қажет ететіндігі белгілі. Бас мүфти тарапынан атқарылатын тірліктің бастыларының қатарына бұл міндеттердің де енетіндігі даусыз. Оның «Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділдік болуын көз-дейді. Адамды соған тәрбиелейді. Олай болса, біз тек діни істерден бөлек осындай ұлы мұраттарды да нысана етуіміз керек. Өйткені, адам баласы қайырлы да ізгі ісімен ғана Жаратушыға жақындайды. Ендеше, баршаңызды сауапты да жауапты жұмыстарды бірігіп атқаруға шақырамын» деген сөздерінен-ақ, нені мұрат тұтып, қандай жолды ұстанатындығын анық аңғаруға болады.

Сандаған ғасырлар бойы бірге, өзара біте қайнасып келе жатқан дін мен ұлттық ұстындарымызды ұлықтап, дәріптеуде Діни басқарманың алдында жаңа міндеттердің тұрғандығы байқалады. Бұл Бас мүфтидің «Имам-молдаларға дін ғылымы мен қатар елдің тарихын, қазақ мақал-мәтелдерін, ұлт көсемдері мен би-шешендерінің даналық ой-тұжырымдарын, діни өлең-жырларын жат-татып, уағыз-насихатты сондай ұлттық құндылықтармен тұздықтап отыруға машықтандырамыз. Осындай білім сайыс-тарының дін қызметкерлерінің бүгінгі қоғамның сұранысына сай білім ізденуіне, өздерін өздері қамшылап дамуына, ой өрістерінің үнемі кеңеюіне септігі тиер еді деп ойлаймын» деген сөздерінен де аңғарылуда.

            Кітап алғы сөзін ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев  жазған.

              Жалпы кітапты құрастырған автор жайлы,  Мұхамеджан Естеміров, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары, т.ғ.магистрі. Ол Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы «Елбасы», «Дінбасы», «Әл-Фараби өсиеттері», «Абай өсиеттері», «Мұхтасар», «Намаз үйренейік», «Дін және дәстүр» т.б.  кітаптар мен 100 жуық ғылыми мақалалардың авторы.

          Шараға Дін істер басқармасы мен облыстық ішкі саясат басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» және ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Б.Мырзагелдиев т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.

        Жалпы, Кітап барша оқырман қауымға арналады. Кітап құтты болсын!

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу