Келес өңірі: Құрбан айт меркесі қарсаңында өткен жиналыс

Сарыағаш ауданы Келес өңіріне қарасты ауыл молдаларының қатысуымен «Ешан баба» мешітінде 8 қазан күні жиналыс болып өтті. Жиналыста негізгі мәселе ретінде алдымызда келе жатқан мұсылмандардың ұлы мерекесі Құрбан айт жайлы айтылды. «Ешан баба» мешіті бас имамы Аристанов Өмірзақ  Құрбан айт бұл мұсылмандардың мерекесі екенін оны қайғы-мусибатқа айналдырмастан мереке есебінде өткізу керектігін халыққа насихаттауды ауыл молдаларына тапсырды. ҚМДБ-сы тарапынан бірқатар игі іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын жер-жерлердегі мешіттер де сол секілді игі іс-шаралар өткізу керектігін бұл жайлы аудан әкімшілігі тарапынан да бірқатар іс-шаралар ұйымдастрылып жатқанын айтты. Құрбандық шалу сауапты іс екендігін Пайғамбар с.а.у бір хадисінде «Қайсы бір адам құрбандық шалып жатқандығынан көңілі қуанышта болса және сол құрбандығынан тек сауапты ниет етсе, сол құрбандығы оған тозақтан тосушы перде болады» дегенін адамдарға уағыз насихаттарда жеткізіп беру керектігін жәнеде құрбандық шалынған малдың етінен жетім-жесірлерге, көрші-қолаңдарға, ағайын-туыстарға тарату да бір-біріне деген бауырмалдықты, сүйіспеншілікті арттыратын амалдардан екенін айтып өтті. Құрбан айт мерекесінде ауылдарда өткізілген іс-шаралар жайлы мәлімет тапсыру керектігін молдаларға ескертті.

Келес өңірі «Ешан баба» мешіті баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу