ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Дін істері агенттігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Марат Әзілхановты таныстырды — деп хабарлайды baq.kz сайты.

Үкімет Басшысы бұрынғы басшы Қайрат Лама Шарифтің Агенттіктің қалыптасуына қосқан зор үлесін атап өтті.

«Сіздің ұжымның алдында конфессияаралық келісімді, дін ұстану еркіндігіне азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл бойынша маңызды міндеттер тұр. Осы жұмыста Сізге табыстар тілеймін», — деді С.Ахметов.

Белгілі болғандай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қ.Лама Шариф Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники