Шымкетте имамдар сарапттаудан өтуде

Бүгін, шұрайлы Шымкент қаласында орналасқан «Облыстық орталық» мешіттің мәжіліс залында облысқа қарасты аудан, қала, ауылдық мешіттердің имам-молдаларының діни білімі мен біліктілігін анықтау мақсатында арнайы сараптама өтуде.

Арнайы сараптамаға ҚМДБ-ның дін істер бөлімінің меңгерушісі К.Тұрдыбаев пен кадр бөлімнің меңгерушісі Б.Бекмұратов, өкіл имам Б.Мырзагелдиев  және Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің имамы Е.Қарақұловтар жүргізіп отыр.

Сараптама барысында Құран қағидалары, ақида, фиһқ және әкімшік жүйе бойынша сұралуда.

Жалпы, сараптама төрт күнге созылмақ. Осы аралықта барлық ауданнан келген 450-ден астам  имам-молда өткізіледі.

Мұхамеджан Естеміров,

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбарасы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники