Түлкібас ауданы: «Болашаққа бірге» жастар форумы өтті.

Ауданымызда қазіргі кезде әр-түрлі жастарға қатысты  форумдар өтіп жатыр. «Болашаққа жастармен бірге», «Жастар біздің болашағымыз», «Болашаққа бірге» т.б.мәдени тәрбиелік іс-шаралар өтіп жатыр. Аудандық мәдениет үйінде «Болашаққа бірге» атты жастар форумы өтті.Аудан әкімінің орынбасары Өтепбай Амалбекұлы сөз сөйлеп форумның жұмысын жүргізді.Баяндама оқылып.жарыс сөздер айтылды.

Жастар арасында ілгерілеушілік пен қызығушылық бар.Жас мамандар сөз алып жастардың қызығушылығын тудырды. Аудан әкімі Қайрат Амангелдіұлы бірқатар жас мамандар мен спортта елінің намысын қорғап жүлделі орынды иеленген жастарды марапаттады. Хазреті Әли (р.а): Біз өз жастарымызды өзіміз болмайтын болашаққа дайындап тәрбиелеуіміз керек» — деген.Ертеңін ойламайтын адам жоқ шығар. Ендеше жастарды ертеңге — болашаққа дайындап тәрбиелейік ағайын !

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники