Марғинани, Бурхануддин: «Хидая». (Өзіңе жүкте)

«Хидая фи фуруғ ал-фиқһ» — «Хидая. Мұсылман заңдылығының түсініктемелері» — ХІІ ғ. атақты ислам фақиһ-заңгері, Мауереннахрдің түлегі Бурхануддин Марғинанидің жазған мұсылман заңдылығын ауқымды талдайтын іргелі туынды. Еңбекте исламның сүнниттік бағыттағы ханафи мазхабы мектебінің заңгер-ғалымдарының, сондай-ақ, басқа да заң мазхабтары өкілдерінің шариаттың әртүрлі мәселелері: мұсылман дәстүрлерінің талаптары, отбасы нормалары талданады, мұрагерлік, мүліктік, қаржылық және басқа да азаматтық құқықтық қатынастар бойынша көзқарастары талқыланады, қылмыс пен жазаға байланысты заң аспектілеріне анықтама беріледі, сотта қарастырылатын істердің процессуалды ерекшеліктері айқындалады, адамдардың күнделікті өмірдегі қызметі мен құқықтық аспектілері қарастырылады.
Бурхануддин Марғинанидің «Хидаясы» қазіргі заманға дейін шариғат, оның ішінде ханафи мектебінің заң ілімі әлі күнге дейін өз күшінен айрылмаған Шығыс елдері мұсылман университеттері мен медреселерінде зерттеліп, басты әдістемелік құрал болып табылады.
Кітап заңгерлерге, тарихшыларға шығыстанушыларға, дінтанушыларға, сондай-ақ, Шығыс елдері тарихы мен мұсылман заңдылығын қызыға зерттейтін адамдарға арналған.

Кітапты жүктеу үшін басыңыз.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники