«Е-Islam» ақпараттық-порталы елге қызметін бастады

13-қараша күні Елордада Дінтанушылар конгресі мен Дін істері агенттігі және Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» атты Қазақстан дінтанушыларының III форумы болып өтті.

Форумдағы басты оқиғалардың бірі – «Е-Islam» ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталының тұсаукесері болды.

Дін істері агенттігінің Төрағасы Марат Әзілханов бұл портал Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ислам ынтымақтастығы ұйымы мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің 38-ші отырысының қорытындылары бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында дайындалғанын атап өтті.

- Нақтылап айтар болсақ, «Е-Islam.kz» ғаламтор-порталы оқырмандар қауымына Қазақстандағы ислам туралы толыққанды ақпарат беруге арналған, — деді Агенттік төрағасы.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ

Baq.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники