«Экстра баланс» өсім бе?

Телефон операторларында көрсетілген «экстра баланс» қызметі халал ма? Ол өсімқорлыққа жатпайды ма?

Ақшаны үстеме пайызбен қарызға беретін болса, шариғатта оны «өсім» дейді. Дегенмен телефон бірліктері ақша емес. Ол – телефон операторының берген сөйлесу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндікті «бірліктер (единица)» арқылы белгілеген. «Экстра Баланс» қызметі сізге ақша болып есептелмейтін «сөйлесу мүмкіндігін» қарызға артық құнымен сатып отыр. Құдды (ақша қатарына жатпайтын) өзге тауарды қарызға сатарда белгіленген құнынан артық бағаға сатқаны секілді. Сондықтан, «экстра баланс» қызметі үшін ұсталатын «құн» өсімге жатпайды. Ең дұрысын Алла біледі!
Абдсамат Қасым

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники