Арыс ауданы: Ақпараттық – насихаттық тобы жастармен кездесті

ҚР Дін істері агенттігінің тапсырмасына орай Арыс қаласы әкімдігі жанынан жаңадан жасақталған «Діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдар мен секталардың насихаты мен іс-әрекеттерінің алдын алу» мақсатында құрылған ақпараттық — насихаттық топ қаладағы №17 колледж бен Арыс теміржол колледжінің акт залында бекітілген кестеге сәйкес студент жастар арасында 2013 жылдың 21 қарашасында кездесу өткізді. Жиында қаладағы«Әбдіғаппар» мешітінің имамы Қалходжаев Құттықожа ислам дінін дәріптеу, оның ішінде дәстүрлі дінімізді уағыздайтын «Абу Ханифа» мазхабы адам баласының тура жолдан адаспай азамат қатарына жетуі оның алған біліміне, тәрбиесіне қатысты екенін айта келе, бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері: имандылық, әдептілік, ізгілік, мейірімділік, ата-ананы сыйлау, діні мен ділін құрметтеп, егеменді еліміздің келешегін көркейтетін — бүгінгі жастар екенін, еліміздің өркендеуіне, дамуына өз үлестерін қосуға шақырды. Арыс аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Бедебаев Сералы діни нанымдарға құрмет көрсету керек екендігін және дұрыс таңдау жасау үшін әрбір азаматтың сол тақырып төңірегіндегі білімі, танымы кең болуға тиіс екендігі туралы айтып өтті.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники