Келес өңірі: Мешіттеріміз көркейтіліп абаттандырылуда

Жаратқан иеміз Аллаһ тағалаға сансыз мақтаулар мен шүкірлер болсын еліміз егемендік алғаннан бері елімізде Аллаһтың жердегі үйлері  деп аталатын мешіттер саны артып жаңадан салынуда, ескілері көркейтілуде. Аллаһ тағала Құран  кәрімде және Пайғамбар (с.ғ.у) хадистерінде айтылған ұлы да сауапты амалдардың бірі дініміздің белгісі, Аллаһтың үйі, құлшылық орны болған мешіттерді көркейту және оны жақсы, таза халде сақтау. Сондай мешіттеріміздің бірі Сарыағаш ауданы Келес өңірі Абай ауылындағы «Ешанқұл ата» мешітінде де бірқатар мешітті көркейту абаттандыру жұмыстары еліміздің қолы ашық, жаны жомарт кәсіпкер азаматтарымыз тарапынан атқарылды.  Атап айтар болсақ мешіттің шатыры алмастырылды, ішкі қабырғалары, потологы сырланып,  ішіне бір келкі кілем салынып,  көрпешелер төселді,  Алланың аяттарынан Пайғамбар (с.ғ.у) ның хадистерінен жазылып ілінді, кітап қоятын сөрілер жасалып еліміздегі «Көкжиек», «Алматы» т.б баспаханалардан шыққан, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан мақұлданған кітаптар келуші намазхан жамағат үшін қойылды.

    Мешіттерімізді көркейту, абаттандыру жұмыстарына атсалысып жатқан кәсіпкер аға-іні, бауырларымызға  Аллах тағала деннің саулығын, иманның байлығын, кәсіптеріне береке берсін деп тілейміз.

Келес  өңірі «Ешан баба» мешіті баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники