НАЙБ МҮФТИГЕ «АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атағы берілді

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облысымыздың Сарыағаш ауданындағы мәдениет үйінде ауданның экономикасы мен рухани дамуына үлес қосқан  азаматтардың еңбектері еленіп, марапаттау іс-шарасы болып өтті.

Дәлірек айтқанда, аудандық мәслихаттың шешімімен бірқатар азаматтарға ауданның құрметті азаматы атағы берілді.  Соның ішінде елімізге танымал, дін қайраткері  ҚМДБ-ның найб мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаға «Сарыағаш ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Оны салтанатты түрде аудан әкімі Мақұлбаев  Әбдібақыт  мырза табыс етті.

Бізде  облыс мұсылмандары атынан құтты болсын айтып, Найб мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаға зор денсаулық,  қажымас қайрат, елдің рухани дамуына үлес қоса беруіңізді тілейміз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

ОҚО бойынша баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники