Келес өңірінде өткен семинар жиналыс

Сарыағаш ауданы Келес өңірі «Ешан баба» мешітінде үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 18 жұлдызында Келес өңіріне қарасты ауыл молдаларының қатысуымен семинар жиналыс болып өтті. Семинарға обылыс бас имамының оқу ағарту бойынша орынбасары  Дастан  Желеуов және үгіт-насихат бойынша орынбасары Сүлейменов Орынбасар аудан имамы Қанат Кенжебековтер қатысты. Семинар барысында азанның уақытысын бір уақытқа тұралау, Құбыла тарапты тұралап алу, әрбір молданың 2014 жылға атқаратын жұмыс жоспары болу керек екендігі, мешіт қызметкерлерінің міндеттерінің орындалуын қадағалау, үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру   мәселелері тілге алынды.  Семинар соңында молдалар өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойып мәнді де мағыналы жауаптар алды.

Келес өңірі «Ешан баба» мешіті баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники